Ауыл тұрғындары көтерген мәселелерге жауап берді

Oinet.kz 18-11-2022 454

Бәйдібек ауданыныі әкімі Ержігіт Шәріпбеков ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты.

Screenshot_8.jpg

Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс-жүзінде орындағанын қалайды» деп, билік жұмысын ширата түсуді тапсырды. Бүгінгі таңда аудан әкімдері Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алып жұмыс істеп жатқаны соның айғағы. 

Кеше Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Таңатар ауылының тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауда Таңатарлық тұрғындар елді мекендегі жол, газ, ауыз су, электр энергиясы, ұялы байланыс, қоқыс және Беккери шұңғыры сынды өзекті мәселелерін жеткізді.

Ауылы тұрғындары тарапынан көтерілген сұрақтарға аудан әкімі мен оның жауапты бөлім, мекеме басшылары жауап берді. 

- Бүгінгі таңға, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тарапынан Таңатар елді мекеніне кіре берістегі 3,4 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынғанын. Аталған жолға 2023 жылы қаржы қарастырылып, орташа жөндеу жұмыстары облыстық басқарма тарапынан жүргізіледі. Ауыз су бойынша келесі жылы жер асты суына барлау жұмыстары жүргізіліп, су қоры жеткілікті деңгейде болса арнайы жоба жасап, құрылыс жұмыстарына қаржы қаралатын болады. 

Ұялы байланыс бойынша 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында актив байланыс операторы жаңадан мұнара орнатып, 4G байланысқа қосылады, - деді аудан әкімі. 

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Таңатар ауыл тұрғындарын қоса отырып, арнайы жұмысшы тобын құрып, электр жүйесі мекемесімен электр энергиясының сапасына, жарамсыз бағаналарға зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ал газ жөнінде жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жобалар әзірленіп сараптама қорытындысы күтілуде екендігін, бұл бойынша жеке бақылауына алатынын жеткізді. 

Қоқыс және өлексе тастайтын орын жөнінде ауыл әкіміне тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды. Жалпы Таңатар елді мекені тұрғындары тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, заңға сәйкес тиісті жұмыс атқарылатын болды. 

Бұдан бөлек, аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Ағыбет ауылының тұрғыны Бақытжан Жұмаділлаевті қабылдады. Ол округ орталығындағы электр энергиясының сапасы, Алғабас ауылынан ашық спорт алаңшасын салып беру жөнінде мәселесін жеткізді. Электр энергиясы жөнінде зерделеу жұмыстары жүргізілгенін. Бұл бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін аудандық электр жүйесінің басшысы М.Айноқожа жауап берді. Ал ашық спорт алаңшасы жөнінде алдағы уақытта қарастырылатыны айтылды.

Дана Шерхан мен бала Шерхан
Жырыңды сенің сағындым, Тәушен апа!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу