Сауран ауданында мал ірі қара мал басы артты

Oinet.kz 17-11-2022 306

Сауран ауданының басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласы. Оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға басымдылық берілуде.  Өткен жылдың қараша айының қорытындысы бойынша ауданда мал басы саны артып, тиісінше, өнім көлемі де еселене түскен.

Screenshot_6.jpg

Атап айтатын болсақ, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Сауран ауданында мүйізді ірі қара мал басы 12,6 пайызға артып, 87794 басқа жеткен. 

Бұдан бөлек, ауданда 467996 бас уақ мал, 15667 бас жылқы, 3313 бас түйе, 139548 бас құс бар. Өткен жылы мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға өткізілгені 12148,8 тоннаны құрайды. 

Сондай-ақ 829,2 тонна қой жүні қырқылып, өсім көрсеткіші 8 пайызды құрады. Сонымен қатар, үш жақты келісімге сай 653 бас аналық түйе сатып алынып, 23011 бас аналық ІҚМ тұқымдық түрленіп, 8858 бас бұқашық мал өнеркәсіптік бордақылау алаңына өткізілді. 

Ал балық шаруашылығына келетін болсақ, жыл қорытындысы бойынша балық өнімі 745 тоннаны құрады. Осылайша, аудандағы мал шаруашылығын дамыту бойынша берілген тапсырмалар артығымен орындалып отыр. 

Аудан бойынша 2022-2023 жылғы мал қыстату науқанына қажетті 308,2 тонна мал азығы дайындалу керек болса, ол 330,2 тонна болып, 107 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде, жоңышқа – 96,7 мың тонна, пішен – 7,9 мың тонна, сабан – 5 мың тонна, табиғи шөп – 220,6 мың тонна. Қазіргі таңда қажетті мал азығын үнемдеу мақсатында шаруашылықтардағы барлық мал түрлері ауыл шаруашылығы дақылдары жиналған алқаптарда бағылып жатыр.

«Жалын» ерікті жастар клубы құрылды
Дана Шерхан мен бала Шерхан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу