«Жалын» ерікті жастар клубы құрылды

Oinet.kz 17-11-2022 356

Сауран ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» каммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан «Жалын» ерікті жастар клубы құрылды. Клубтың мақсаты Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ауған соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен тығыз қарым-қатынаста болып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек қолын созу.

Screenshot_5.jpg

«Жалын» ерікті жастар клубы волонтерлан жылында бекітілген «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт» сияқты 7 бағыт бойынша жұмыс атқаратын болады.

Клубтың ашылу салтанатына Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков пен аудандық Мәслихат хатшысы Мейрамбек Күнпейісов қатысып, ерікті жастардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

«Елімізде 2019 жылы «Жастар жылы» жарияланып, жастарға жаңа мүмкіндіктер берілді. Сондай-ақ, 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланып, жақсылық жасауға асыққан жастарымызға қолдау берілді. Қазақ халқы жастарды еріктілікке тәрбиелейтін халық деп те айтуға болады. Себебі, біздің салт-дәстүрлеріміз, үлкендердің тәрбиесінің бәрі жақсылық жасауға, оған ақы сұрамауға негізделген.

Мен ерікті жастардың қатары көбейгеніне қуанамын. Өйткені, ерікті жастардың көбеюі – ізгі жүректі, ақ пейілді, жақсылыққа құмар жастарымыздың көбеюде деген сөз. «Жалын» ерікті жастар клубының алдағы жұмысына сәттілік, тілеймін! Ізгі қоғамды, ізгі әлемді бірге қалыптастырайық!», - деді Ғ.Рысбеков.

Сондай-ақ, аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы өздерінің ізгі лебіздері жазылған кітапшаны ұйымның басшысы Гүлбану Балтабайқызына табыстады.

Шара соңында аудан әкімі жастармен пікір алмасып, олардың көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, жаңадан құрылған ұйым қызметтік көлікпен және бірегей формамен қамтамасыз етілетінін айтты.

Екі отбасы баспаналы болды
Сауран ауданында мал ірі қара мал басы артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу