Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі
Сауран ауданынан шыққан батырлардың шоқтығы биік. Соның бірі Кеңес Одағының Батыры Құрманбай Рысбеков. Батырдың 100 жылдық мерейтойы аудандағы Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп-интернатында аталып өтті.
Жиында Сауран ауданы әкімі Ғани Рысбеков, Сауран ауданының мәслихат хатшысы М.Күнпейсов, Құрманбай Рысбековтың бауырлары, ауыл ақсақалдары, ардагер ұстаздар сөз алып, батырдың өткен өмір жолынан тебірене естеліктерімен бөлісті.
- «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, атбасына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезінде, кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жер бетінде бейбітшілік орнау жолында кеуделерін оққа тосқан Отаны үшін қасық қаны қалғанша аянбай бел буған, аға ұрпақтың арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміздің бәрі сол Ұлы Отан соғысының жемісі. Ата бабамыздың ерліктерін еш уақытта ұмытпаймыз, - деді аудан әкімі.
Мектеп-интернатта Кеңес Одағының Батыры Қ.Рысбековке және ардагер-ұстаз З.Абдраймованың атына сынып бөлмелері ашылды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сауран ауданы Қызылжол елді мекенінің тумасы Әбдіғаппар Жақыпов Қ.Рысбековке арнауын оқыды. Сонымен қатар, 4-сынып тәрбиешісі Б.Юсупова Қ.Рысбековтың өмірі мен ерлігі жайлы «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа аманат» атты кітапша шығарған екен, соны келген қонақтарға таратылды.
Жер мен елді қорғау халқымыздың ең бірінші алға қойған мақсаты. Соғыс ауыртпашылығы өлшеусіз қымбатқа түсті. Қаншама отбасы ер азаматсыз қалып тұрмыс тауқыметін тартқандығы, аналарымыз жесір қалып, бала әкесіз өсті. Соғыстан «қара қағаз», «хабар ошарсыз жоғалды» деген суық хабар келгендер қаншама, бірақ ешбірі қайғыға берілмей елі үшін, болашақ ұрпақ үшін ыстыққа күйді, суыққа тоңды. Міне, осындай қан майданға ұлын шығарып салып, қаралы қағаз алған отбасы, ұрпағына бейбіт өмір сыйлау үшін жан аямаған, жанның бірі – жас шағында жаумен шайқасып, жар құшып, әке атана алмаған, ел үшін өз жанын отқа тосып, ерлікпен қаза тапқан өшпес ерлік пен батылдық, Отанға деген сүйіспеншілікпен рухтың үлгісін танытқан жерлесіміз біртуар Батыр Қ.Рысбековтың өмірі мен ерлігі жайлы көрініс қойылды.
Әсерлі де, қызықты өткен кеш жастар бойында ұсақ сақталары анық.