Мұхтар Шахановтың шығармасы сахналанды

Oinet.kz 13-11-2022 407

Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург М.Шахановтың 80 жылдығына орай, Қарашық мәдениет үйінде «Әке үкімі», «12-3=?» шығармаларынан біріктіріп, Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылдық клубының «Драма» үйірмесінің жетекшісі Сайлаухан Есболатұлының режиссерлік етуімен жаңадан «Үкім» атты пьесасының тұсауы кесіліп, алғаш рет сахналанды.

Screenshot_7.jpg

Пьеса «Әке үкімі» өлеңінің кейіпкері әке мен шығармадан тыс қосылған ұста арасындағы диалог түрінде басталады. Батырлық, ерлік, ұлтжандылық, әділеттілікке негізделген қойылым ақынның Махамбет Өтемісұлына деген зор махаббатын аңғартады.

Пьесаның шарықтау шегі «12-3=?» өлеңінен алынған оқиғалар ізімен беріледі. Пьеса жастық шақты көктемге балап, адамзаттың көктемі екенін қариялар мен жастар арасындағы дау арқылы көрінді. Даудың соңы ханның атқосшысы болған жас жігіттің жұмбақты шешуімен, жастарды көтеру мәселесін көркемдік тұрғыда көрсетеді.

Пьеса «Әке үкімі» өлеңінің соңғы тарауымен, Махамбеттiң өлтіргенін мақтан тұтамын деп, - әкесінің қолынан қаза тапқан баласы арасындағы шиеленіспен аяқталады. Тарихи оқиғалар мен аңыз әңгімелерден құралған пьеса көрерменге жол тартып, ыстық ықыластары мен зор қошеметіне бөленді.

Аталған қойылымға Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов пен Қазақстан Жазушылары одағының мүшесі, ақын Әбдіғаппар Жақыпов қатысып, ақынның мерейтойымен құттықтап, алғыстары мен ізгі тілектерін білдірді. Олар өз кезегінде қойылымға жоғары баға берді.

Талантты жастар фестивалі
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу