Ордабасы ауданындағы индустриалды аймақта кәсіпорындар қатары артуда

Oinet.kz 14-11-2022 389

Түркістан облысының Ордабасы ауданы индустриалды аймаққа айналып келеді. Өйткені онда өндірісті дамытуға мүмкіндік мол.  Бүгінгі таңда Ордабасы ауданында «Стандарт Ресурсис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр.

Screenshot_47.jpg

Өндіріс орнының құрылысы 2020 жылы аяқталған. Зауыт жұмысының екінші кезеңін биылғы жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылған. Жылына онда 100 мың тонна шикізат өндіреді. Жоғары маркалы бензиннен бастап, бірнеше өнім шығарылады.  200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың орташа айлығы 120-150 мың теңгені құрайды. Көмір-химия зауытының әлеуетін мамандар жоғары бағалап отыр. 

Бұдан кейін индустриалды өңірде жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның бірі полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін және синтепон талшығын өндіретін «GREEN TECHNOLOGY INDUSTRIES» зауыты. Бадам ауылындағы «Бадам» индустриялды аймағында орналасқан зауыттың инвестициялық құны – 6800 миллион теңгені құрайды. Жобаның бірінші кезеңі ПЭТ қалдықтарын тазарту және ұсақта турап флекс өнімін алу жобасы 2018 жылы «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. 2018 жылдан бері шығарылып жатқан флекс өнімі Ресей федерациясына экспортталуда. 

Осы қос өндіріс орнынының жұмысына жоғары баға берген облыс әкімі Дархан Сатыбалды кәсіпорын басшылығына кәсіпкерлікке қолдау бағытындағы жұмыстар жанданатынын айтқан еді. 

Бұдан бөлек, Ордабасы ауданында «Бірыңғай индустрияландыру картасы» аясында 2022-2025 жылдары жалпы инвестициялық құны 105,7 миллиард теңгені құрайтын және барлығы 1060 жаңа жұмыс орнын құратын 6 жобаны іске асыру жоспарланған. Биыл 3 жоба іске қосылды. Ал, «Бадам» индустриалдық аймағында жалпы құны 21 миллиард 234 миллион теңгені құрайтын 6 жоба орналасқан.

Ауданда өнеркәсіп саласында тоғыз айда 21 миллиард 190 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 804 миллион теңгеге, ал нақты көлем индексі 0,3 пайызға артқан. Жыл қорытындысымен межеленген 28 миллиард теңгенің өнімі өндірілмек. Ордабасы ауданына тоғыз айда 26 миллиард 251 миллион теңге инвестиция тартылған. Бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10 миллиард 955 миллион теңгеге артық. Соның ішінде жеке инвестициялар – 14 миллиард 851 миллион теңге жеткен. 

Түркістан облысында «Табысты отбасы» жобасы қолдау тапты
Түлкібас ауданында 4 елдімекеннен жер телімін беру жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу