Түлкібас ауданында 4 елдімекеннен жер телімін беру жоспарлануда

Oinet.kz 14-11-2022 286

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жер телімі кезегінде тұрған азаматтар саны жылсанап өсіп келеді. Түлкібас ауданы әкімдігі тұрғын-үй соғуға жер телімін бөлу мәселесінің түйіні шешу мақсатында алдағы жылы ауқымды жобаны дайындап отыр.

Screenshot_48.jpg

Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың айтуынша, алдағы жылы екі кезеңмен елді мекендердің шегінен тұрғын үй соғуға қажетті инфрақұрылым жүргізу жұмыстар іске аспақ. 

-Бірінші кезеңде жалпы 4 елді мекенде 569 жер теліміне қажетті инфрақұрылым тарту жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар келесі жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Екінші кезеңмен Ақбиік, Жабағылы, аудан орталығына қарасты «Нұршуақ» шағын ауданынан және Керейт ауылының шегінен инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жоспарға енгізілді, - дейді аудан әкімі. 

Іске асатын жобалардың құжаттары тиісті облыстық салалық басқармаға ұсынылған. Қолдау тауып, қаржы бөлінген жағдайда алдағы жылы аталған елді мекендерде жер кезегіндегі азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Ордабасы ауданындағы индустриалды аймақта кәсіпорындар қатары артуда
Сауран ауданында скверлер мен саябақтар абаттандырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу