Түркістан облысында «Табысты отбасы» жобасы қолдау тапты

Oinet.kz 15-11-2022 276

«Түркістан облысы тұрғындарының тұрмысын жақсарту» қанатқақты жобасы Түркістан облысында жандандырылуда. Яғни «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржылық қолдауымен мұқтаж және көпбалалы отбасыларға кәсіп ашуға мүмкіндік беретін «Табысты отбасы» жобасы бастау алды.

Screenshot_46.jpg

«Табысты отбасы» жобасының бренд-амбассодоры Айжани Нұрланованың айтуынша, бұл жоба негізінен мемлекеттің әлеуметтік көмегіне іліне алмаған отбасыларға арналады. Ондағы мақсат – осындай отбасылардың ірі кәсіп ашып кетпесе де, әр отбасы үй жағдайында ісін дөңгелетіп, күнделікті отбасына табыс әкелетін мүмкіндік жасау.

Түркістан облысы әкімнің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша,биылғы 1 желтоқсаннан бастау алған жоба еліміздің 5 өңірінде, яғни Түркістан, Ұлытау, Абай, Жетісу және Ақтөбе облыстарында пилоттық негізде жүзеге асып жатыр. Таңдалған бес өңірге барлығы 300 грант қарастырылған. 

-Түркістан облысынан әзірге 70 адам іріктеледі, бұл ретте оқыту нысаны ретінде өңірдегі ірі аудандардың бірі Сарыағаш ауданы таңдалған. Қатысушыларға Қор тарапынан құрал-жабдық негізінде грант беріледі, яғни грант ақшалай берілмейді. Гранттар негізінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қатысады, - дейді ол. 

«Жобаның басты ерекшелігі – бес бағытта шеберлік-сыныптары өткізіледі. Атап айтқанда сұлулық саласы, әлеуметтік желілерді сүйемелдеу, тігінші, автодәнекерлеуші және кондитер.  Қатысушылардың қалауы бойынша бағыт таңдалады. Олар екі апта бойы өздері қалаған кәсіптің түрі үйреніп алуына мүмкіндік болады, жаңа дағдыларға үйреніп, тәжірибелік тренингтерден өтеді. «Табысты отбасы» жобасына көпбалалы және аз қамтылған, толық емес отбасылардың мүшелері, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған және табысы төмен отбасылардан шыққан жастар қатысады. Түркістан облысы - қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Біз өңірдің мұқтаж отбасыларын «Табысты отбасы» жобасына қатысуға шақырамыз», - деді Айжани Адайқызы.

Түркістан облысы әкімнің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл жоба тұрғындардың өз ісін ашып, қаржылық жағдайын нығайтуға және жалпы өңіріміздің экономикасына оң ықпал ететінін атап өтті. 

– Түркістан өңірінің өнеркәсіптік әлеуеті жоғары. Сонымен бірге туристік инфрақұрылым, тарихи-мәдени мұра түріндегі артықшылықтары аз емес, ең бастысы, аймақтың еңбекқор халқы бар. Елдегі халық ең тығыз орналасқан өңірде азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін, адами капиталды, яғни құзыреттілікті дамыту маңызды. Бұл басымдықтар туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиі айтып келеді. Сондықтан халықтың осал топтарынан шыққан азаматтарға өз ісін ашуға және әл-ауқатын жақсартуға көмектесетін «Табысты отбасы» қайырымдылық жобасын қызу қолдаймыз әрі осы маңызды бастаманы кеңейту үшін қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Атап өтсек, «Табысты отбасы» жобасын қолдауға «Samruk-kazyna Trust» қоры 200 миллион теңгеге жуық қаржы бөлген. 

Түркістан қаласы спорт орталығына айналып келеді
Ордабасы ауданындағы индустриалды аймақта кәсіпорындар қатары артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу