Қарнақтықтар көтерген мәселелер біртіндеп шешімін табуда
Сауран ауданы Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Кентау қаласына қарасты Қарнақ аулының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ол биыл атқарылған жұмыс барысын баян етті.
Оның айтуынша, биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 10 көшеге жолына асфальт жабыны төселіп, ел игілігіне берілген. Соның бірі қаншама жылдан бері халық көтеріп келген Құсшы ата елді мекеніндегі көше жолы болатын. Жолмен бірге ауылға инфрақұрылым жүргізілмеген көшелерге жарық бағаналары орнатылып, аяқ жолдар салынған. Алдағы жылы да атқарылатын ауқымды жұмыстар жалғасын таппақ.
Тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар мәселер көтерілді. Атап айтқанда, ауылға газ тарту, мәдениет үйін салу, инфрақұрылым жұмыстарын жалғастыру жайы көтерілген болатын.
Қала басшысы Қарнақ ауылындағы кездесуден соң «Тажиддин ата» және «Мұсабек» құс цехының жұмысымен танысты. Ет және жұмыртқа бағытында іс бастағалы отырған кәсіпкерлер мемлекет тарапынан берілетін қолдаулар бойынша сұрады. Бұл бойынша тиісті жауаптары беріліп, жерге қатысты мәселе бойынша тиісті саланың өкілдері жауап берді. Ауыл тұрғындарымен кездесу алдағы уақытта да ұйымдастырылатынын айтқан қала басшысы, әрбір көтерілген мәселер бақылауға алынып жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.