Төлеби ауданында жүзеге асырылған жобалар ауқымды
Президент Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беруде. Осы жарлыққа сәйкес Түркістан облысы Төлеби ауданынының әкімі Төлеген Тұртайұлы биылғы жылдың қорытынды кездесуі Леңгір қаласындағы аудандық мәдениет үйінде өтті.
Аудан әкіму алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 10 айлық қорытындысымен таныстырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.
Оның айтуынша, аудан орталығы Ленгір қаласындағы облыстық маңызы бар жолдар 7,1 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлық жағдайы 100 пайыз, аудандық маңызы бар жолдар 16,3 шақырым, қанағаттанарлық жағдайы 96,4 пайызды құрайды. Қаланың ішкі көшелері 101,1 шақырым болса, қанағаттанарлық жағдайы 98,5 пайыз.
Биыл қаладағы С.Сәулембаев, Таскешу, Астана көшелеріне асфальт жабыны төселген. «Жарық жол» мекемесі 11 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізген. Алатау шағын ауданындағы ұзындығы 2, 4 шақырымды құрайтын №4, №6, №7, №8, №23, №25 көшелеріне тас төселген. Сонымен қатар Самал шағын ауданындағы 0,4 шақырымды құрайтын №2 көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 2023 жылы Ленгір қаласындағы жалпы ұзындығы 6,42 шақырымды құрайтын 14 көшені орта жөндеуден өткізуге құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған.
№1 шағын аудандағы №3 кәріз тазалау имаратының құрылысын бастау үшін қаржы бөлініп, мердігер мекеме анықталды. Қазіргі кезде келісім-шарт түзіліп, алғашқы жұмыстар басталды. Құрылыс 2023 жылы жүргізіледі.
- Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту бағытында «Көктерек» су тазалау имаратында құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Достық елді мекеніндегі №4,5 ұңғымалары ағымдағы жөндеуден өтті. Астана көшесіне ауыз су құбыры жүргізіліп, «Көктерек» бұлақ басы каптаждалуда. №1 шағын аудандағы №5 су жинақтауышы ағымдағы жөндеуден өтті. Қала аумағының басым бөлігі табиғи газбен қамтылған. Күмістөбе, Кенші көшелеріндегі газ құбырында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Таскешу және С.Сәулембаев көшелеріне, Север шағын ауданына квартал ішілік газ құбырлары тартылып, жыл соңына дейін газға қосу жоспарлануда, - дейді Төлеген Тұртайұлы.
Алатау шағын ауданына 110кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы стансасын салу жұмыстарына қаржы қарастырылған. Нысан құрылысы 2023 жылы жүргізілмек. Қазығұрт шағын ауданына 2 шақырымды құрайтын электр желілері тартылып, 56 бағана орнатылуда. №1 шағын ауданындағы жаңа массив көшелеріне 3,2 шақырым электр желісі тартылып, 1 трансформатор орнатылды. «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвест бағдарламасы аясында С.Сәулембаев, Күмістөбе, Қазақстан көшелеріне электр желілері тартылып, трансформатор қойылған.
Ленгір қаласының 26,1 шақырымына түнгі жарық қойылып, 20,1 шақырым аяқ жол салынған. С.Сәулембаев, Е.Сәуірбайұлы, Қ.Ешенқұлұлы, Жамбыл, Қ.Тыныбеков, Қ.Дүйсемұратұлы, Базар көшелеріне түнгі жарық орнату жоспарлануда. Кенші көшесіне түнгі жарық шамдар үнемделген қаржы есебінен жүргізіледі.
Биыл Орталық саябақта абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қала аумағындағы 28 орынға заман талабына сай қоқыс жәшгіктері орнатылып отыр. Ленгір-Көксәйек айналма жолына «Төлеби баба» стенді қойылып, «Тәуелсіздік саябағы» ағымдағы жөндеуден өткен. №1 шағын ауданға 9 балалар ойын және спорт алаңшасы, бейнебақылау камералары, түнгі жарық қойылып, жол жиектері кеңейтіліп, автотұрақ салынып, суағарлар орнатылған. Төлеби және Ә.Бектайұлы көшесі қиылысындағы шатқалда «Этно ауыл» жобасы жүзеге асырылуда. Аманкелді көшесіне аяқ жол салу, Төлеби көшесінің 293 үй мен 103 үй арасына аяқ жол салу, 300 метр металл жабынды орнату, Қазыбек би көшесіне аяқ жол салу, №1 шағын ауданға аяқ жол салу үшін қаржыландыруға ұсынылды.
Кездесу барысында халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге қатысты қойылған сұрақтарға Төлеген Тұртайұлы жауап берді.