Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры жабылуда
Сауран ауданы Кентау қаласы көпқабатты тұрғын үйлері көп тұрғызылған аймаққа жатады. Бүгін де қалада 368 көпқабатты тұрғын үй бар. Мемлекеттік тұрғын үйді жаңғырту бойынша бүгінгі таңға дейін 211 үй құрылыстан өткізілді.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ағымдағы жылы шатыры жабылған Құрманғазы 60,60а,62,64. М.Әуезов 62, Абылайхан 3 тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесті. Жыл басынан осы мәселе көтеріліп келген болатын. Қыс уақытына дейін жүзеге асырылған жұмыстарға қала тұрғындары ризашылықтарын білдірді. Қасбеттері мен сыртқы әрлеу құрылыс жұмыстары келер жылы жалғасын таппақ.
Тұрғындар тарапынан аулаға балаларға арналған ойын алаңшаларын орнату, көлік бекеттерін салу мен жолдарға асфальт жабынын төсеу туралы мәселелер көтерілді. Кентау қаласының әкімі қалада бұл бойынша бірнеше көпқабатты тұрғын үйлерде қажет ететін және күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.
Кентау қаласында жыл басынан бері 20-ға жуық көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, қайта жабылған. Қалған көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары келер жылы да жалғасын таппақ. Сондай-ақ 2023 жылы қаладағы 33 аулаға ойын алаңша орнату, аула ішіндегі жолдарды реттеу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланғанын жеткізді қала әкімі Жандос Тасов.