Түркістандық мұсылмандардың қайырымды ісі көпке үлгі

Oinet.kz 18-11-2022 188

Қайырымдылық жасау әрбір мұсылманның парызы. Осы бір жақсы үрдіс Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында жандана түскені қуантарлық.

Screenshot_41.jpg

Түркістан қаласының бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлының айтуынша, биыл мұсылман қауымының демеушілігімен мұқтаж отбасыларға 10 баспана әперілген. 

- Жыл басынан бері Түркістан қаласында «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 4 мұқтаж отбасы баспаналы болған еді. Өткенде Түркістан қаласында Мәуліт мерекесіне орай «Шапағатшым бір өзіңсің, Мұхаммед с.а.у» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарада Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 6 мұқтаж отбасына баспана кілті табысталды, - дейді Мұхамеджан Ергешбайұлы.

Бұл рухани кеш Пайғамбар (с.а.у) рухына Құран бағыштаудан басталып, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков мерекеге орай арнау айтып, еліміздің эстрада жұлдыздары Айдар Тұрғанбекұлы, Бақытжан Мұстафаев әннен шашу шашты. Сондай-ақ қаладағы Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театрының әртістері сахабалар дәуірі мен олардың өнегелі өмірінен және ата-ананың қадірі турасында қойылым сахналап, көпшілікке ерекше әсер сыйлаған болатын.

Түркістан қаласы имамдарының ұйымдастыруымен өткен рухани кешке қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары Ғалымжан Батырханұлы мен Ардақ Үсенұлы, Аналар алқасының төрайымы Ұлжан Әбенқызы, қалалық саяси кеңестің мүшесі Бақдәулет Тұрманов және қала тұрғындары қатысты. Шараға қатысушылар Мәуліт мерекесімен құттықтап, игі іске мұрындық болып отырған жандарға алғыстарын жеткізген еді.  

Түркістан қаласының бас имамы Мухамеджан Ергешбайұлы алдағы уақытта мұндай игі бастамалар өз жалғасын табуып, енді жыл соңына дейін тағы бір отбасына пәтер кілтін табыстау жоспарланып отырғанын айтты.

Көше тазалығы Түркістан қаласы әкімдігінің назарында
Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры жабылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу