Көше тазалығы Түркістан қаласы әкімдігінің назарында

Oinet.kz 18-11-2022 227

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының санитарлық тазалығын «Түркістан Жарық Тазалық» және «ШымкентСпецКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қамтамасыз етіп келеді.

Screenshot_40.jpg

Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше болса, оның 787 көшесіне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілген. Қалған көшелер – қаланың ең шеткі аумақтарында орналасқан жаңа құрылыс аумақтары. Оларда тазалық жұмыстары үйлер толық салынып, көше қалыптасқан кезде басталаған. Сонымен 787 көшенің 136 көшесі механикалық жолмен тазаланса, қалған 651 көшенің қоқысы қол күшімен алынады. 

Түркістан облысы әкімнің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, механикалық жолмен тазаланатын 787 көшенің 39-ы орталық маңызы бар көше. «Түркістан Жарық Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаланың орталық көшелеріне қызмет көрсетсе, «ШымкентСпецКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әкімшілік іскерлік орталығы, рухани мәдени орталық және шеткі көшелерді тазалады.

«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС мен «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-сы, көшелерді тазалау жұмыстарын «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» ММ тарапынан бекітілген кестеге сәйкес, бірінші  санаттағы көшелерді - күнделікті, екінші санаттағы көшелерді - аптасына 2-3 рет, ал шеткі көшелерді аптасына бір  рет жүргізуде.

Түркістан қаласына тоғыз айда 192,1 миллиард теңге инвестиция тартылған
Түркістандық мұсылмандардың қайырымды ісі көпке үлгі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу