Түркістан қаласына тоғыз айда 192,1 миллиард теңге инвестиция тартылған

Oinet.kz 18-11-2022 300

Түркістан облысы Түркістан қаласында өткен тоғыз айда  өнеркісіп өнімі 15,4 миллиард теңгеге жеткен. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі 14,8 миллиард теңге болған болса, биылғы тоғыз айдағы көрсткіш 15,4 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 3,8 пайыз жоғарылаған. 

Screenshot_39.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндет. Президент тапсырмасы қазіргі таңда киелі шаһарымызда жүйелі іске асып, өз нәтижесін беруде. Биыл Түркістан қаласына 179,1 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл ретте, тоғыз айдың ішіндегі көрсеткіш 192,1 миллиард теңгеге жетіп отыр. Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба мақұлданып, 761 миллиард теңге инвестиция тарту көзделген. Оның ішінде биыл шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды, - деді Нұрбол Әбсаттарұлы.

Сонымен қатар, «TURKESTAN» индустриалды аймағында 2016-2022 жылдар аралығында 8,6 миллиард теңгені құрайтын 19 жоба іске қосылып, 857 жаңа жұмыс орны ашылған. Биыл 900 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылмақ, олар - «Асфальт бетон», «Газоблок», «Газобетон» зауыттары.

Ал баспанамен қамту саласында 2022 жылдың тоғыз айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Нақтырақ айтқанда 2 667 пәтерлі 42 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылды. 

Инфрақұрым бойынша да шаһарда оң өзгерістер бар. Қазіргі таңда қала аумағында 37655 абонент таза ауызсумен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін таза ауызсумен қамту деңгейі 98,5 пайызға жетпек. Ал сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші биыл 84,9-дан 94,7 пайызға артқан. Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 060 абонент дербес шот ашып пайдалануда. Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны биыл 95 пайызға жетіп отыр.

Нұрбол Әбдісаттарұлының айтуынша, жол саласында 2022 жылдың қорытындысымен қалада жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4-тан 40,3 пайызғ артпақ. Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78-і сыйымдылығы жоғары болса, қалған 142-сі шағын автобустар. Өткен жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынып, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің  34 пайызы жаңарған. 

«Turkistan» арнайы экономикалық аймағында 91 жоба жүзеге асырылады
Көше тазалығы Түркістан қаласы әкімдігінің назарында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу