Түркістан қаласында екі кәсіпкер 600 орындық мектеп салып берді

Oinet.kz 19-11-2022 304

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы жыл санап көркейіп келеді. Ол облыс орталығы мәртебесін алғаннан бастап қалада халық саны өскен. Сонымен бірге мектеп пен балабақшаға баратын балалардың да саны өсіп, мектепке деген сұранысты тудырған. Халық санының өсуі мектептеріміздегі орын санының жетіспеушілігіне де әсер етпей қоймады. 

Screenshot_38.jpg

Қазіргі таңда Түркістан қаласында жалпы білім беретін 34 мектеп болса, 4 мектеп үш ауысымда оқытылуда. Солардың бірі – «Бірлік» шағын ауданында орналасқан 300 орындық үш ауысымда жұмыс істейтін Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектеп. Осы білім ордасына жеке кәсіпкерлер Тәжібек Мұсаев пен Ержан Мұстапаевтар демеушілік көрсетіп қосымша 600 орындық ғимараттар салып беруде. Оны тәуелсіздік күні пайдалануға бермек ниетте.

Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектеп Түркістан қаласындағы тарихы терең білім ордасы. 1960 жылдары халықтың асарлатуымен салынған ыңғайластырылған мектеп ғимаратында балалар 2012 жылға дейін білім алып келген болатын. Қазір оқушылар 2012 жылы мемлекет тарапынан салынған 300 орындық жаңа мектепте білім алуда. Дегенмен, оқушысы бірнеше есе көп мектепке бұл ғимарат та тарлық етті. Қазіргі таңда 1700-ден астам оқушы үш ауысымда білім алуда. Сондықтан 2010 жылы апатты деп танылған ескі ғимаратты да пайдалануға мәжбүр болып отыр. 

Жуық арада, яғни Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бұл мәселе де шешілуге жақын. Шағын ауданнан асар жолымен салынған қосымша ескі мектеп ғимараты жанынан кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 600 орынды мектеп ғимаратын салып отыр. Бұл орайда да бізге жеке кәсіпкерлеріміз көмектесіп отыр деуге болады. Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығы қарсаңында ашылуы болатын «Арман - М School» мектебіне Е.Иззатуллаев атындағы мектептен 600 оқушы ауысып, сабақтарын жаңа мектеп ғимаратында жалғастыратын болады. 

Бүгін аталған мектепте болған Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова жаңа мектеп ғимаратының құрылыс барысымен, оқушыларға жасалған мүмкіндіктермен танысты. 

Жеке кәсіпкерлер Тәжібек Мұсаев пен Ержан Мұстапаевтар мектеппен толық таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Мектепте жайлы сыныптар мен асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медицина бөлмесі сияқты маңызды бөлмелермен қамтамасыз етілген. Сонымен қоса, жеке пәндерге арналған арнайы кабинеттер де жабдықталуда. Мектеп ғимаратын тәуелсіздік күні пайдалауға беру жоспарланып отыр.

Төтеншеліктер рейдтке шықты
Яссыда және Сауран шағын аудандарында өзекті мәселелер шешімін табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу