Төтеншеліктер рейдтке шықты
Түркістан облысы Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үй секторларында өрт және иісті улыгаздан уланудың алдын алу бойынша жоспарға сәйкес кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Ордабасы ауданы әкімімен 2022 жылдың 12 қазанында аудан аумағында жылыту маусымында улы газбен уланудың алдын алуға бағытталған өрт профилактикасын жүргізу туралы №106 Өкімі шығарылған. Өкімге сәйкес жұмыс жоспары бекітіліп, комиссия құрамымен жұмысшы топ (штаб) құрылды. Өкімге сәйкес комиссия мүшелерімен бүгінгі таңда тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде.
Рейдтік іс-шараға, Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №8 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, жергілікті әкімдік, «ГазТрансГазАймақ», «Оңтүстік Жарық» транзит қызметкерлері, полиция бөлімі қызметкерлері, медицина қызметтері, аудандық жастар орталығының еріктілері жұмылдырылды.
Тұрғын үй аралау кезінде барлық қызметтер өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрғындарға жеткізді. Арнайы дайындалған жадынамалар таратылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жылыту маусымының соңына дейін тұрақты түрде жүргізілмек.