Темір мен Қарақоңыр ауылында көп жұмыс атқарылған
Түркістан облысы Отырар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Оралбай Темір ауыл округі тұрғындарымен кездесті. Ержан Асанұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде биыл атқарылатын істерге қысқаша тоқталып өтті.
Темір ауылында жолдар мен көшелер толық жөндеуден өткен. Бұдан бөлек абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары да қолға алынған.
Кездесудің сұрақ-жауап бөлімінде тұрғындар емхананы күрделі жөндеуден өткізу, жайылымдық жер, табиғи газ секілді мәселелерді ортаға салды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Оралбай тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта мәселелерді шешу жолдарын қатастыратындығын жеткізді. Сондай-ақ кездесуде қозғалған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына қатаң бақылауды ескертті.
Жалпы аудан басшылығымен маусым, қыркүйек айларында Темір ауылының тұрғындарымен кездесу жиыны өткізіліп, нәтижесінде 8 өзекті мәселе көтерілген болатын, оның ішінде бүгінгі таңда 2 мәселе оң шешімін тапса, қалған 6 мәселе орындалу үстінде. Атап айтқанда, ауыл тұрғыны Әбдібек Халықұлы Темір жол вокзалы айналасы, М.Әлиев көшесі жөнделсе деген ұсынысын жеткізген болатын. Бұл мәселе бойынша ағымдағы жылы М.Әлиев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен қажетті қаржы қаралып, мердігер «Астана Томирис и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып, абаттандыру, асфальттау, жарықтандыру жұмыстарын жүргізген.
Сондай-ақ ауыл тұрғыны Ибрагимов Бегимшенің ұсынысына сәйкес Темір ауылындағы емхананы күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық- сметалық құжатын дайындауға қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізілді. Бұл мәселе бойынша 2023 жылы жүзеге асыру жоспарлануда.
Кездесуден соң аудан әкімі ауыл тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көкейде жүрген сауалдарына заң шеңберінде жауап берді.
Бұдан кейін аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Оралбай Қарақоңыр ауыл округінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен биылға жоспарланған міндеттер туралы баяндай келе, қарақоңырлық ағайынның сауал-ұсыныстарын тыңдады.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес аудан басшылығымен маусым, қыркүйек айларында Қарақоңыр ауылының тұрғындарымен кездесу жиыны өткізіліп, нәтижесінде 9 өзекті мәселе көтерілген болатын, оның ішінде бүгінгі таңда 4 мәселе оң шешімін тапса, қалған 5 мәселе орындалу үстінде. Атап айтқанда, Шәмші ауылының тұрғыны Халық Мырзахан электр желілер мен бағаналар жөнделсе деген өтінішін айтқан болатын. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Отырар аудандық электр желісі мекемесі Шәмші ауылындағы ескірген электр бағаналары мен желілерін ауыстырып, жөндеуден өткізді.
Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан Шәмші ауылынан балалар ойын алаңшасы мен жабық спорт комплексі салынса деген ұсыныс айтылған еді. Бұл бағыт бойынша балалар ойын алаңшасын салу үшін жобалық сметалық құжатын дайындалып, 2023 жылдың бюджетіне ұсынылған. Ал, жабық спорт алаңшасын салуға ниет білдірген жеке кәсіпкерлер шыққан жағдайда салынатын болады. Осы мақсатта тиісті жұмыстар атқарылуда.
Айта кету керек ауыл тұрғындары бүгінде ауданда алғашқылардың бірі болып табиғи газды қолданып отыр.
Кездесудің сұрақ-жауап бөлімінде тұрғындар тарапынан жайылымдық жер, ауыз судың тәулік бойы берілуі секілді мәселелер көтерілді.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Оралбай тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта мәселелерді шешу жолдарын қатастыратындығын жеткізді.
Кездесуден соң аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдап, тұрғындардың көкейінде жүрген көптеген мәселеге заң шеңберінде жауаптар берілді.