Адал еңбек – адам көркі

Oinet.kz 20-11-2022 618

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында орналасқан Индустриалды-инновациялық колледждің мәжіліс залында жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат және консультация беруге бағытталған арнайы жұмысшы тобы аудан жастарымен кездесті.

Screenshot_36.jpg

Аудан жастарының қатысуымен өткізілген кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев және зиялы қауым өкілдері, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерасыл Төлебаев пен аудандық бірқатар бөлім басшылары, арнайы сала мамандары қатысты.

Кездесуде «Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Абзал Казанкапов жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Нұрмахан Сапарбаев бөлім тарапынан жастарға жасалатын жеңілдіктер туралы баяндады.

- Мемлекет басшысының айтуынша, шынайы заң үстемдігін қамтамасыз етпей, әділетті әрі нарықтық экономиканы құру, жеке меншікті қорғау, бәсекелестікті дамыту, сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес.

«Адамды адам еткен – еңбек» дегендей, адамдықтың бір анықтамасы – еңбек». Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды, – деді «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев.

Кездесуге келген мамандар жастармен бірге тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Болашаққа кітаппен
Темір мен Қарақоңыр ауылында көп жұмыс атқарылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу