Болашаққа кітаппен

Oinet.kz 21-11-2022 206

Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының кіші залында Кентау қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы    Ж.Куандыкованың ұйымдастыруымен «Болашаққа кітаппен» атты  тақырыпта жас оқырмандардың қатысуымен жылдың үздік оқырманы атты  байқау өтті.  

Screenshot_35.jpg

Байқаудың мақсаты - кітап пен кітапхананың беделін арттыру. Кентау қаласының кітапқұмар жастарына ең үздік қазақ, шетел жазушыларының   шағармаларын насихаттау, жастардың классикалық, қазіргі заманауи   әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін ояту, оқу мәдениетін қалыптастырып,   жетілдіру. 

Байқауға кентау қаласының оқушылары мен студенттері қатысты.  Сайыс барысында қатысушылар бірнеше шарт бойынша сынға түсті.       Өздері оқыған кітаптарын жарнамалап, өзгеге оқуға ұсыну барысында   оқырмандарымыз алдарына жансалмады.  

Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  библиографы Н.Дауенова, Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің «Тілдерді  оқыту және дамыту орталығы» КММ директоры  А.Утепбаева және Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайының режиссері    Б.Отызбай байқауға төрелік етті.

Жарыс болған соң жеңімпаз болу шарт. Бұл байқауда әділқазылар  алқасының шешімімен «Жылдың үздік оқырманы» номинациясын Әсемай Адилбаева, Сәуле Амалбек пен Ақбота Полат иеленді.  Байқауға қатысқан  әрбір оқырманға кітапхана директоры атынан  арнайы алғыс хатпен  сыйлықтар табысталды.

Кентау қаласында 1587 отбасына әлеуметтік көмек тағайындалған
Адал еңбек – адам көркі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу