Яссыда және Сауран шағын аудандарында өзекті мәселелер шешімін табуда
Түркістан облысы Тұркістан қаласының «Яссы» шағын ауданы тұрғындармен өткен бүгінгі кездесуде қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған жұмыстар барысын баяндап, жоспарлармен бөлісті.
Жалпы жыл басынан бері секторда 3 кездесу өткізіліп 93 мәселе көтерілген болатын. Оның 64-і орындалған (оның 8-і жол мен көлік саласы, 11-і инфрақұрылым, 26-ы абаттандыру мен тазалық мәселесі, 6-ы қоғамдық көлік және 13-і басқа да мәселелер). 11 мәселе бойынша жұмыс жүргізілуде, 25 мәселе заңға сәкес түсіндірілген.
Алдағы жылы «Яссы» шағын ауданында 1200 және 900 орынды құрайтын 2 мектеп құрылысы жоспарланған. Көпқабатты 11 үйдің тұрғындары табиғи газ пайдалануда, 8 үйді газдандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның талабы бойынша көпқабатты үйлерге коксиалды түтін шығатын мұржа орнатылуы тиіс. Қазіргі таңда 1 үйге коксиалды мұржа орнатылып, қысымдаудан өтуде.
Сектор аумағында 2 нысанның құрылысы аяқталып, 4 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, 3 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер бойынша 4 трансформатор орнатылды.
«Яссы» секторында 197,3 шақырымды құрайтын 180 көше болса (оның ішінде 46 көше асфальт жол, 80 көше тас жол, 54 көше топырақ жол),
ағымдағы жылы 11,9 шақырымды құрайтын 12 көше орта жөндеуден өтті, 28,8 шақырымды құрайтын 36 көшеге тас төселді, 6,7 шақырымды құрайтын 7 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді.
Сонымен қатар, Қожабаев көшесінде және Қазыбек би – О.Жарылқапов көшелерінің аралығында жол құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы Т.Бокин көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағы абаттандырылуда. Сақ қорған көшесінде ойын алаңшасы салынды, «Тұран» және «Шатқал» шығармашылық саябағы көгалдандырылды.
Кездесу барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің келесі кездесуі Сауран секторында басталды. Жалпы жыл басынан бергі кездесулерде 112 мәселе көтерілген болатын. Оның 67-і орындалған (оның 9-ы жол мен көлік саласы, 17-і инфрақұрылым, 6-ы қоғамдық көлік, 8-і абаттандыру және 13-і басқа да мәселелер), 9 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде, 36 мәселе заңға сәкес түсіндірілді.
Биыл 2 мектеп күрделі жөндеуден өтткен. Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда, оның ішінден Сауран секторында 600 орынды құрайтын 1 мектеп құрылысын бастау көзделуде.
Сауран секторында 3 нысанның құрылысы аяқталып, 7 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, бір нысанның құрылысы жалғасуда.
Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде тұрғындардың жасаған өтінішіне сәйкес, Жұбанов, Мыңбасы, Байсейтов, Ыбырайұлы және Балақаев көшелеріне 5 трансформатор орнатылды.
Сауран шағын ауданы аумағында жаңадан қоныстанған аумақтарды және ауыз су жүгізілмеген көшелерді су құбырымен қамту жобасы іске асырылуда. №1, 2 шағын аудандар және мақта зауытының шағын ауданының ауыз су желілерін жаңа полиэтиленді құбырға жаңалау, қысымдылығын арттыру, кіші диаметрлік құбырларды үлкен диаметрлік құбырларға қайта ауыстыру және орталық су магистральдеріне біріктіру мақсатында 2 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен жылу жүйесін кезең-кезеңмен жаңарту жоспарланған. Осыған орай, 1 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Аталған жобаны іске асырған жағдайда қала аумағындағы тозығы жеткен желілердің үлесі 30-дан 10 пайызға дейін төмендейтін болады.
Сауран секторында 175 шақырымды құрайтын 156 көше бар (оның ішінде 39 көше асфальт жол, 109 көше тас жол, 8 көше топырақ жол). Ағымдағы жылы 1,38 шақырымды құрайтын 3 көше орташа жөндеуден өтті, 21,7 шақырымды құрайтын 34 көшеге тас төселді, 9,1 шақырымдық 10 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Жангельдин көшесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Баянауыл аумағына қарасты 16 көшеде жарықтандыру жүйесінің құрылысы іске асырылуда. Түркістан қаласы, №1-2 шағын ауданын абаттандыру нәтижесінде аула арасына 8 гектарғ асфальт төселді, 2,5 гектар аумақ көгалдандырылды, 35 дана ойын алаңы мен воркаут, 5 жерге спорт алаңшасы орнатылды.