«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 211 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеу көрген

Oinet.kz 21-11-2022 315

Кентау қаласының әкімдігінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыс барысы қаралған еді. Қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен жиында құрылыс бөлімінің басшысы Талғат Искаков тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Screenshot_27.jpg

Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жоспарланған 132 көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі құрылыс жұмыстары басталып, 2020 жылға облыстық бюджеттен 32 көпқабатты тұрғын үйге қаржы қаралып тиісті жұмыстар атқарылған. Жалпы Кенттау қаласы бойынша 211 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бұдан кейін жинында басқа мәселелер қаралды. Келесі мәселе бойынша Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Т.Сүлейменов кәсіпкерлік сала бойынша хабарлама жасады. 

-Жыл басынан бері қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі,  қалалық полиция бөлімі, қалалық жер қатынастары бөлімі және БАҚ өкілдерімен  бірлесіп 25 рейдтік іс-шара ұйымдастырған.  Нәтижесінде, жыл басынан бергі заңсыз жер қойнауын пайдаланушылар бойынша анықталған фактілерге 20 әкімшілік хаттама толтырылған, - деді ол. 

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша өткен жылдың 20 шілдесінен бастап «Біріңғай байланыс орталығы» құрылып, қала тұрғындарынан өтініштер қабылданған. Бүгінгі таңда орталыққа 12 473 өтініш келіп тіркелген. Бұл бойынша қала әкімдігі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Сержан Нарбек баян етті.

Қала басшысы әр баяндамашыны тыңдап, облыс және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша бірқатар орындалмаған мәселелерді атап өтті. Жұмысы жүйеленбеген басшыларға қатаң шаралар көрілетінін ескертті. Әрбір мәселенің артында қала тұрғындарының жағдайы тұрғынын тілге тиек етіп, жұмысты ширатуды тапсырды.

Кентаулық кәсіпкерлерге бағыт-бағдар берілді
Кентау қаласында 1587 отбасына әлеуметтік көмек тағайындалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу