Кентаулық кәсіпкерлерге бағыт-бағдар берілді

Oinet.kz 22-11-2022 321

Кентау қаласында кәсіпкерлерді қолдау іс-шарасы аясында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен келелі жиын болып өтті. Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов, облыстық туризм басқармасының туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы Медеуов Нұрдаулет және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен екінші деңгейлі банк өкілдері қатысты.

Screenshot_33.jpg

 Семинар-кеңесті қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Қарабайұлы ашып, жүргізді.

-Еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың барлығы да ел экономикасының әлеуетін арттыруға жұмылдырылған. Сондай-ақ Президенттің бастамасымен қабылданған бағдарламалар да бүгінгі таңда өз жалғасын табуда. Соның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы. Бұл ең алдымен өңірімізде қолға алынған жобалардың табысты жүзеге асуына жол ашқаны блгілі. Бағдарламаның басты мақсаты – кәсіпкерлерді қолдап, кәсіпорындардың әлеуетін арттыру болатын. Бағдарлама қаржылық қолдаудан басқа, инфрақұрылымды дамытуға да бағытталған. Жүзеге асырылып жатқан  индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы – ел экономикасын түбегейлі жаңа сапалы деңгейге көтеріп, мемлекет әлеуетін арттыратын аса маңызды жобаға айналғаны белгілі. Барлық жобалар ойдағыдай іске асырылар болса, жалпы еліміздегі жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесінде айтарлықтай ілгерілеулер орын алатын болады. Сондықтан да Үкімет бұл бағдарламаны іске асыруға барынша басымдық беріп, оны табысты жалғастыру жолында барлық мүмкіндіктерді қарастыруда, - деді ол.  

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Қарабайұлының айтуынша, Кентау қаласы және қалаға қарасты ауылдарда 5 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (арығарай - ШОБ) тіркеліп, қызмет етіп жатқанын айтты. Жалпы еліміз бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес саны 1,4 миллион субъектіге жеткеніне тоқталды. 

Семинарға қатысушыларға оның мақсаты кәсіпкерлікті дамыту бойынша Үкімет және қаржы ұйымдары тарапынан бекітілген бағдарламаларға сәйкес берілетін тиімді несие, мемлекеттік жәрдемдер мен қаржылық қолдауларды кеңінен түсіндіру екенін атап өтіп, жиын барысында барлық қатысушыларға сұрақ-жауап және ұсыныс пікірлерін еркін айтып, белсенді қатысуға шақырды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов өз кезегінде қазіргі таңда шаруаларды алаңдататын мәселелерге тоқтап, мемлекеттік субсидияларды кеңінен түсіндіріп, оның ішінде мал шаруашылығы саласындағы 24 түрлі субсидия, электронды өтініш беру және құжаттарды дұрыс рәсімдеу бойынша ауқымды ақпарат берді.

Сонымен қатар, туристтік бағыттардағы санитарлық-гигиеналық тораптарды, қонақ-үйлермен кемпингтерді мемлекеттік субсидиялау және де «Kids Go Free» бағдарламаларын облыстық туризм басқармасының туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы Медеуов Нұрдаулет түсіндіріп өтті.

Әр баяндамашы өз саласы бойынша мемлекеттен берілетін көмектер мен кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша ақпарат беріп, арығарай сұрақ-жауап форматына көшіп жиынға қатысушы кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Келелі жиында кәсіпкерлер мен шаруашалар қажетті сауалдарына сала басшыларымен мамандарынан жауаптар алып, ризашылықтарын білдірді. Қала әкімінің орынбасары Ғ.Қарабайұлы алдағы уақытта осындай семинарлардың жалғасын табатынын кәсіпкерлер назарына жеткізіп, барша жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.

Арыс қаласында 3159 адам жұмыспен қамту шараларына тартылған
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 211 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеу көрген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу