Келес ауданында ауыл тұрғындарының ұсынысы қолдау тапты
Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ұшқын елді мекенінде бұған дейін бірнеше кездесу өткізіп, халық тарапынан көтерілген мәселелердің бүгінгі таңда біршамасы өз шешімін тапқан
Атап айтсақ, Келес ауданы Ұшқын елді мекеніндегі Д.Қонаев көшесі биыл орташа жөндеуден өткен. Сондай-ақ, Ұшқын ауылдық округіндегі Достық және Ырысты көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Келесі жылы Достық және Қоралас елді мекендері табиғи газбен қамту жоспарланған.
Аталған елді мекенде ауыз су жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі негізгі мәселенің бірі болатын. Сондықтан, мәселені толыққанды шешу мақсатында «Келес су» мекемесі құрылатын болды. Жыл соңына дейін іске кірісетін коммуналдық кәсіпорында жергілікті тұрғындар арасынан кәсіби мамандар жұмысқа тарту көзделген.
Ауыл тұрғындары кездесуде ауылды толғандырып жүрген мәселелерді көтеріп олардың шешім табуына аудан әкімінен көмек сұрады.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша жеке қабылдау өткізді.