Түркістан қаласында рухани-мәдени нысандардың қатары артпақ

Oinet.kz 24-11-2022 245

Түркістан қаласының басты бренді әрі құндылығы – Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі. Бүгінде Түркістан қаласында туризм саласы жақсы дамып келеді. Мовзолейге зиярат етушілері саны да артқан. Дегенмен туризм өңірге нақты табыс әкелуі үшін саяхатшылар облыс пен Түркістан шаһарында кем дегенде 2-3 күн аялдайтын жағдай жасау қажет.

Screenshot_20.jpg

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, туристер мен саяхатшылардың Түркістан қаласында аялдап қалуы үшін тиісті жұмыстар қолға алынған. Мәселен, өткен жылы Түркістандағы кесенеге 1,4 миллионнан адам зиярат етіп келсе, орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны қалада 100 мыңға жуық адамды құраған. Жаңа үлгідегі қонақ үйлер салу арқылы Түркістанда рухани-мәдени нысандардың қатары артпақ. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салу туралы айтқан болатын. Аталған жобаны іске асыру мақсатында биыл 26 қыркүйек күні «Түркі әлемі орталығы» нысанының концепциялық тұжырымдамасына республикалық байқау өткізілді. Алдағы уақытта түбі бір түркітілдес мемлекеттердің басын қосатын ортақ нысан жаңа технологиялармен қамтылып, талапқа сай салынады. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ғимараттың салынатын орны қайта қарастырылуда. Сондай-ақ, екінші кезеңде сәулетшілер арасында кездесулер ұйымдастырылып, тағы да пысықталады, - деді шаһар басшысы.

Өңірде тағы да жаңа нысандар ашылмақ. Рухани астанада достық үйі, қолөнершілер саябағы салынып, аудандарда оқушылар сарайы бой көтермек. Ал Ескі Сауран қалашығының маңайын кешенге айналдыру жоспарлануда. Жібек жолының бойынан туристерге арналған жаңаша стильдегі қоржын үйлердің құрылысы басталмақ.

Түркістан қаласында оқушылар сарайының жанында, бульвардың бойынан «Достық үйін» салу үшін нысанның эскиздік жобасы әзірленіп, бекітілу үстінде. Жоба бойынша ғимарат төрт қабаттан тұрады және құрамында мәжіліс залы, этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Жоба бекітілгеннен кейін нысанның құрылысы басталады.

Сондай-ақ, облысқа қарасты аудан, қала орталықтарында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында оқушылар сарайының жобасы бойынша бірнеше ұсыныстар дайындалып, өңір басшысының қадағалауымен талқыланып жатыр. Ұсыныстар бекітілген жағдайда құрылысы жүргізіледі. Нысан құрамында спорт, ұлттық өнер, музыка және тағы басқа үйірмелер ашылады.

Айта кетейік, «Түркі әлемі орталығы» нысанының концептуалдық сәулетшілер байқауының 2-ші кезеңі халықаралық деңгейде өтпек.

Мүмкіндігі шектеулі жандар бақылауда
Келес ауданында ауыл тұрғындарының ұсынысы қолдау тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу