Мүмкіндігі шектеулі жандар бақылауда

Oinet.kz 25-11-2022 197

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барынша қолдау көрсетілуде. Мәселен Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 9523 азамат бар. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, ерекше қажеттілі қажеттілігі бар 4237 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген.

Screenshot_19.jpg

Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған. Оның ішінде, 498 азамат протез ортопедиялық құралдар, 153 тұрғын сурдо техникалық құралдармен қамтылса, тифло техникалық құралдармен 331 адам қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, мүгедектігі бар 404  азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 98-і ымдау тілі маманы қызметімен қамтамасыз етілген.

Жыл басынан бері, 1796 азаматқа міндетті гигиеналық құралдар берілген. Автокөлікпен тасымалдауда 189 азамат инватакси, 16 тұрғын әлеуметтік такси қызметіне жүгінген. 

Бүгінге дейін ерекше қажеттілігі бар 312 азамат қоларбамен қамтылған. 

Түркістан қаласында орналасқан, жаңа технологиямен жабдықталған, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Қамқорлық» балалар оңалту орталығының негізі ақпан айында қаланып, маусым айынан өз жұмысын бастаған болатын. 

Мұнда  Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Австрия, Италия, Қазақстан және Ресейдің алдыңғы қатарлы заманауи жабдықтары жинақталған. 

Оңалту орталығында тірек-қимыл жүйке жүйесі аппаратының бұзылыстары бар бөбектерге, балалардың церебральді сал ауруы, туа бітті сүйек ақаулары бар, микроцефалия, гидроцефалия, монопарез, Даун синдромы, мидың туа бітті ақаулары бар балалар емдік шараларын қабылдайды. 

Сонымен қатар, орталықта тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерпия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар. 

Орталық ашылған күннен бастап бүгінге дейін 334 балаға көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта мұнда күндізгі стационарда - 34, тәуліктік стационарда - 9 бүлдіршін ем қабылдауда. 

Одан бөлек, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар 1-14 жас аралығындағы балаларға көмек көрсетілуде.

Денсаулық – зор байлық
Түркістан қаласында рухани-мәдени нысандардың қатары артпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу