Денсаулық – зор байлық

Oinet.kz 25-11-2022 326

Түркістан облысы Кентау қалалық емхананың бас дәрігері Ғани Мырзабеков қала тұрғындары алдында есеп берді. Есеп-беру жиынында Ғани Мырзабеков жыл басынан бері атқарылған жұмыс барысына тоқталды.

Screenshot_18.jpg

Оның айтуынша, өткен жылы емханаға 6 оттегі концентраторы, 2 литрлік – 15, 10 литрлік – 5 оттегі баллондары алынған. Биыл коронавирусты инфекциясын жұқтырған науқастардың анықталмауынан оған қажеттілік болмапты. 

- Аймақтық дәрігерлер мен мейірбикелердің тұрғын үйлерді аралау жұмысы күшейтіліп, жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) мен коронавирусты алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл бойынша әлеуметтік желілерде тұрақты хабарлама беріліп отырмыз.  Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шараларын күшейту мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстарын үнемі жүргізілуде, - деді баяндамашы. 

 Жылдың басынан бері осы күнге дейін 259 қызметкер біліктілігін арттырған, оның ішінде 80 дәрігер, 166 орта буын медицина қызметкерлер, 13 басқа жұмыскерлер. Жыл басынан 48050 адам скринингтік тексеруден өткізу жоспарланған болса, 48093 адам тексеруден өткен.

Кентау қалалық емханасы биыл 91 пайыз қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған, 2023 жылға бір портативті УДЗ аппараты және бір эксперт класс УДЗ аппаратын сатып алу жоспарға қойылған болса, 2024 жылға бір мониторы бар ЭФГДС аппаратын сатып алу жоспарланған, дейді емхананың бас дәрігері.

Қала және ауыл округтерінде тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу мақсатында жыл басынан 10 семинар, 1 дөңгелек үстел, 2 тренинг, 1 пікірлесу, 12 ашық есік күні өткізілген. Жас мамандарды ауылды жерлерге тарту бойынша 5 жас маман жұмысқа орналасқан.

2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 73,3 жасқа дейін ұлғайту  көзделген болса,  ағымдағы жылдың 9 айында Кентау қаласы бойынша өмір сүру ұзақтығы  71 жасты құраған. 

Жиынға қатысушылар қалалық емхананың бас дәрігеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын беріп, жауап алды. Соңынан Кентау қалалық емхананың бас дәрігері Ғани Мырзабеков қала тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдап, қабылдау өткізді. 

Түркістан қаласына 120 мың ағаш көшеті отырғызылды
Мүмкіндігі шектеулі жандар бақылауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу