Түркістан қаласына 120 мың ағаш көшеті отырғызылды

Oinet.kz 25-11-2022 383

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы «жасыл белдеу» жобасы аясында жасыл желекке орануда. Көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық айлығы желтоқсан айында да жалғасын табуда. Қараша-желтоқсан айларында Тұркістан қаласының көшелеріне 120 мыңнан асатын түрлі интродукцияланған, климатқа төзімді ағаш көшеттерін отырғызылған.

Screenshot_17.jpg

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, 120 мың ағаш көшетінің 1000-нан астамы жеміс ағашы. Қазіргі таңда Түркістандағы көгал аумағы 2,5 миллион шаршы метрге жетті.  70 мың шаршы метрге түрлі гүлдердің ағаш көшеттері отырғызылған. Ал ағаш 700 мың түпке жеткен. 

- Кешегі күнге дейін «Отырар» шағын ауданына – 29 мың, әкімшілік-іскерлік орталық аумағында және жаңа қалада 32 мың, әуежай жолы бойына – 13 мыңнан астам  көшет отырғызылуда. Сонымен қатар Б.Саттарханов даңғылы, «Денсаулық» саябағы, Шекті Тілеу, Баялиев, «Фараб» кітапханасының маңайы мен Кентау тас жолы, Майкотов және айналма жол бойын көгалдандыру қолға алынған. Қаланы көгалдандыру бойынша Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан да қолдау көрсетілуде. Қалада егілген ағаштардың басым бөлігін қысқа қарағаш, айлант, ірі жапырақты қарағаш, үйеңкі, ясень, тұт ағашы, форзиция, аморфа, богрянник, қарағай, айва, сириялық раушан, сирень, боз арша, акация, софора, форзиция, алма, терек және өзге де ағаш көшеттері құрайды, - дейді шаһар басшысы. 

Түркістан облысының әкімі Ордабасы ауданы тұрғындарымен кездесті
Денсаулық – зор байлық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу