Енем бәрін былықтырып отырады

Oinet.kz 06-10-2024 448

Белгілі зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер мен балаларға арналған орталықтың координаторы, психолог Ләззат Рақышева өзінің парақшасына енесінен зәбір көрген келіншектің жазбасын жариялаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_15.jpg

"Сәлеметсіз бе! Өз басымнан өтіп жатқан жағдайды айтсам деп едім, сіздерден кеңес болса дұрыс жағынан. Тұрмыс құрғаныма 5-6 жыл болды, бала-шағам бар. Жалғыз ұлға тұрмысқа шыққанмын, енем ғана бар үйде. Күйеуіммен отношением жақсы. Бірақ мамасының сөзін көп сөйлейді осы уақытқа дейін мені бір рет те қорғаған емес. Мен уже шаршадым.

Енем өзі бәрін былықтырып өзі істеп, өзі айтып алады да, мені күйеуіме жаман атты қылып қояды. Ақыры соңында мен кінәлімін. Басында күйеуім сол мамасының сөзіне еріп мені ұратын қанша рет. Сосын мен ұрған кезде полиция шақырып үстінен арыз жазып жібердім. Содан кейін сәл басылған үйдегі айқай. Кейін уақыт өте қайтып ұрғанда қайтып полиция шақырғам. Уже 3-рет шақырса, ол қамалады екен. Содан кейін мені күйеуім ұрмайды. Бірақ сол бітпейтін ұрыс әлі күнге дейін. Кетіп те көрдім қанша рет. Каз қоғамда 2-нің 1-інде осы жағдай шығар. Кейде шынымен өзімнен шығар деймін. Басында сөйлемейтін едім каз уже бетім ашылып кеткен. Мен де қайтпаймын, шегіне жетіп кетеді нервыма тиіп",- деп жазды ол. 

«Байдың бес әрпі алтын ба?»
Өз баласына көңіл бөлмеген ана, біреудің анасын қайтсін?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу