Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Белгілі заңгер, психолог Л.Рақышева өзінің Instagram парақшасында өгей шешеден қорлық көріп жүрген қыздың хатын жариялады, деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі.
"Осы уақыттар бойы өзімнің өгей анамнан қорлық көрдім. Басында барлығы жақсы болған. Бірақ кейін ол өз шынайы бетін көрсете бастады. Папа жоқ кезде мені балағаттап, ұрсып, боғауыз, жаман сөздер...
Ағам үйге келсе болды өгей анам кенет өзгеріп шыға келеді. Оған жылы сөздер айтып, бізге қамқор болады. Тек ағам келсе ғана емес, үйге қонақтар келгенде де солай жасайды.
Әкем мен өгей анам 2 жыл бұрын алған заттарды бізге міндетсініп, “сендер көп жуа бересіндер” деп киім жуатын ұнтақты бермеуге тырысатын. Тіпті бізден даретхана кагазын да аяды. Үйде жұмыртка тұрса, оны да “өз баласына арналған” деп алып алатын. Байқаусызда жеп қойсақ, ұзаққа созылған лекция оқиды өгей шешеміз. Біреңе сынса бізден көреді. Әкем жолыма аптасына 500 тг бергенін міндетсінеді. Ал ол 500 тг маған тек 2 күнге ғана жетеді. Сондықтан мен оны үнемдеймін. Бізге өгей шеше ешқашан жылы сөз айтқан емес. Әсіресе әкем де. Оның айтатыны тек: "Жатыпішерлер", "қаншық", "алаяқ" деген сөздер ғана. Өмірі басқа балалармен салыстырады.
Үй жинау барысында өзінің және қызының бөлмесін жинап, әрі қарай "өздерің аяқтаңдар" дейтін. Егер мен осы жайлы папама айтатын болсам, "бұл өтірік, олар өтірік айтады, сенбе оларға" дейтін. Сол үшін де мен қазір папаға ешнәрсе айтпаймын. Себебі, сенбейді деп қорқамын.
Ал оның өзінің туған қызы болса, көңіл жетіспегендіктен күйзеліске түсіп, суицид жасағысы келген. Қазіргі уақытта мен оларды көргім де, естігім де келмейді. Өз баласына көңіл бөлмеген ана, біреудің анасын қайтсін?"