20 жасар келінімнің бізден жасырған сырын біліп, байдан өлген құдағиыма ашуланып отырмын

Oinet.kz 04-08-2024 3742

Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваның Instagram парақшасына өз келінінің адам шошырлық сырын біліп, жағасын ұстаған әйел хат жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_25.jpg

"Бір жағдайды естіп шок болып отырмын. Келінім 20 жаста. 3 жыл болды келін болып келгеніне. Бірақ тұйық, қорқақ сондай. Енді мінезі басқаша болатын. Кеше күдігім бәрі расталды. 

"Ашып сырыңды айт маған, неге өткенде қызыңды сонша ұрып тастадың? Ішіңде бірнәрсе бар сенің жасырып жүрген" деп едім, жылап жіберді. Өгей ағасы 6 жасында зорлапты. Оны өгей әкесіне айтқан жылап. "Мамаңа айтпа ештеңе" деп жұбатқан. Сосын өгей әкесінің өзі 3-4 сынып оқып жүргенде зорлап бастапты. Артынан бітіріп жүрген тірлігін. "Мамаңа айтсаң, мамаңды бауыздаймын. Сосын сені детдомға жіберемін" деп қорқытып келген.

Бойжеткенде алдына көшкен ғой зорлау әдісін ауыстырып. Ал менің ініммен танысып кездескен. Сосын бұл жылаған. Мамасы ойлаған қызын менің інім зорлады деп. "Үйленсін қызыма" деп миды жейді ғой. Ал, інім "ешқандай тиген жоқпын" десе де, папа "үйленесің болды" деп үйлендірген. 

Мамасы сол кезде сырлас болғанда қызымен, мұндай жағдай болмас еді. Жаңа бәрін айттым құдағиға "Ана деген аттан садаға кет! Байдан өлгендей" деп",- деп жазды хат иесі. 

Күйеуім әскери адам. Маған және 6 балама көрсетпегені қалмады
Сұлу деп алған жарым салақтың салағы болып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу