Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваның Instagram парақшасына әскери күйеуінен әбден қорлық көрген әйел көмек сұрап жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Айтуынша күйеуі ұрып-соғып, 6 баласымен бірге қуып қана жібермей, өз қызын зорламақшы болған екен.
"Менің тұрмыс құрғаныма 13 жыл болды. 6 балам бар. Жолдасым военныйда жұмыс жасады. Осы уақытқа дейін айтқанына көніп, таяғына да шыдап келдім. Үлкен үй салды 6 баланың аузынан жырып. Ұзын сөздің қысқасы, үйді бітіргесін үйден қуып жіберді 6 баламен.
Жақында әкем қайтыс болды. Садақасына 1 күн қонып, ертесіне үйге барғанымда ұрып тастады "Неге қонасың? Біреумен жатып келген шығарсың" деп. Шыдай алмай 6 баланы да өзіне тастап, төркініме кетіп қалдым. 10 күнге жетпей балаларымды әкеліп тастады. Заңды түрде ажырастық.
Әуел бастан үйді, көлікті ағасының атына жазып қойды. 6 баланың 1 рет болсын пособиясын қолыма ұстап көрмедім. Бәрін алып алатын. 3 жыл бұрын екінші қызымды зорламақ болды. Ішіп алған қыздың трусиын шешіп, ұятты жерін жалап жатқан жерінен түсіп қалдым. Қазір сол қызым әлі күнге дейін сұрайды "Папа маған неге олай жасады?" деп. Мені қорқытып ешкімге айттырмай қойды. Бүкіл көршілерім біледі бұның қандай адам екені",- деп жазды ол.