Әкем тағы да үйленем дейді

Oinet.kz 04-08-2024 1431

Тағдыр мені ана алақанынан бес жасымда айырды. Атымды жазғым келмейді.  Анонимді беріңіздерші. Анам ел қатарлы өмір кешіп жүргенде кенеттен жүйке ауруына шалдығыпты. 

Screenshot_6.jpg

Анамды əкем емдетемін деп, ем қонар деген оймен  апармаған жері қалмапты.  Əлі анам байғұс күніге сандырақтап, жиі-жиі қысылып қала береді. Жазылмады. Аурудың кесірінен өз перзентінен қарай да алмапты.  

Мені нағашы апам бақты. Əкем анам ауырғалы үш рет үйленді. Үшеуі де шаңырағымызға əйел болып қала алмады. Енді жетпіске қараған  шағында, тағы үйленем деп қоймайды. Əкеме қараймын ғой. Əлде əкемдікі жөн бе? Қартайғанында өзі теңдес жан керек пе?

Біреулер қартайғанда қарайтын  адам керек, әкеңдікі дұрыс  дейді. Маған нәпсіқорлықтай көрінеді. Жетпіске келгенде тағы төсек жаңғыртып не опа таппақ деймін де...

el24.kz

Көп келіншек солай ақша табады екен
Жеңгемнің ессіз қылықтарын ағама айтар-айтпасымды білмеймін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу