Қояншық келінімнен қалай құтыларымды білмей жүрмін

Oinet.kz 21-07-2024 3368

Менің жалғыз балам бар. Қыздарым тұрмысқа шығып кетті. Үлкен үйде жолдасым, балам үшеуміз тұрамыз. Жұрттар сияқты келін түсіріп, қолымды жылы суға малып отырғым келді.

Screenshot_6.jpg

Жалғыз балам 30-ға жақындаған шағында үйленді. Жақсы, текті отбасымен құда болдық. Келінді сырға салып, дүбірлетіп той жасап алып келдік. Бастапқыда бәрі жақсы болды. Келінім иіліп сәлем салып, шәйің беріп, алдымызда құрдай жорғалап жүрді. Бірақ тума ауруы бәрімізді шошытты.

Ұстамасы алғаш ұстаған кезде бәріміз қорқып кеттік. Түнде жатып қалғанбыз, байғұс балам жүгіріп келіпті бөлмеге. Шалым екеуміз қорқып барсақ, еденде аузынан көбігі ағып келінім жатыр. Сол сәтте жедел жәрдем шақырып, ауруханаға апардық. Дәрігерлердің айтуынша, келінім қояншық аурумен ауырады екен. Ол бұл аурумен кішкентай кезінен бастап күресіп келеді, бірақ ешқандай емі болмаған соң емделуді қойған көрінеді. 

Келінім ауру болған сон оны көшеге шығаруға, қонаққа ертіп баруға ұяламын. Аяқ-қолы қалтырап, құлап, аузы көпіріп, көзі аларып шыға келеді. Қонаққа барғанда ауруы ұстап қалып ел-жұртқа масқара болғым келмейді. Жалғыз бала ауру әйел әпергеніме қатты өкінемін. 

Маған қандай кеңес бересіздер? Ұлымды ажыратып алып, басқа қызға үйлендірейін десем, балам келінді жақсы көреді. Ажырасқысы келмейді, бірақ келінім ауру.

Сырласу журналы

Тұрмысқа шыққалы жүрген жігітіме шынымды айтсам қалай қабылдар екен
Сіңлім де шешем секілді жезөкшеге айналып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу