Өзімнен төрт жас үлкен келіншекке үйленіп бақытқа бөлендім

Oinet.kz 22-08-2023 812

Бұл өмірде ең жаман əдетім тоқтамай сөйлеп, тоқтаусыз жұмыс істей аламын. Қолыммен қоса аузымда сайрайды. Бірге жұмыс істейтін адамдарданда сұрап қоямын. Мен сендерді шаршатып жіберген жоқпынба деп. Көбінесе адамдар мені радио немесе википедия деп атайды. Өйткені кез келген тақырыптың басын қозғаса болды аяғына дейін айтамын. Кездейсоқ бейтаныс адамдар танымасада өз өмірі туралы айтады. Қалай олармен тез тіл табысып кеткенімді білмей қаламын. 

426d25f35dc2367fdb8bccbaff9fa519.jpg

Солай бір бейтаныс адамның өзінің басынан өткенін айтып бергенін сіздерге жаза кетейін. 

Мені асырап алған. Өгей əке шешем өмірден озғанына көп болды. Өгей əкем 70 жастан асқанда қайтты, өгей анам 90 жастан асып көз жұмды. Мен олардың жалғыз ұлымын. Менен үлкен 3 əпкем бар. Бұл өмірде өгей болса анамның батасы маған тиді. 

Анам тірі кезінде маған көп деген қызықты оқиғалар айтатын. Аштық заманында көрген. Мінезі тік болса да, маған ылғи батасын беретін. 

"Бақытты бол айналайын, жақсы жар кездессін" деп. Онымен қоса "менің жасымды берсін" дейтін. Енді ол жасқа жетемін деген үмітпен жоспарларда құра бастадым. 

16 жасымнан бастап алдағы өмірімді ойлаумен жүретінмін. Жақсы жұмыс пен сенімді адал жар кездестірсем деп. Мен үйленгенге дейін қыздармен қол ұстасып жүрмегенмін. Зинақорлықтан аулақ болуға тырысатынмын. Жастайымнан өте ұялшақ болдым. Осы ұялшақ мінезімнен отырып қаламынба деп қорқатынмын. 

Жоғары оқу оқымағанмын. 9 шы сыныптан кейін колледжге түстім. 3 жыл оқып аман есен аяқтадым. Диплом арқылы жұмысты жалғастырмадым. Оқығаным ағылшын тілінен мұғалім еді. Бірден жұмысқа орналастым. Көбінесе хабарландыру арқылы кездескен қара  жұмыстарды істейтінмін. Ауыр болса да жалақысы маңызды болатын. Құрылыс саласында быраз нəрсе үйрендім. Қай қалада жақсы жұмыс шықса, сол қалаға барып істейтінмін. Солай көшпелі болып жүргенімде, қоймаға жүк тасушы болып орналастым. Таныстарда көбейе бастады. Солардың бірі маған жақсы ұсыныс жасады. Бір жағынан ағылшын тілін меңгергенмін, екінші жағынан жұмысыма адалдық танытамын. 

Шет елге баратын болдым БАƏ. Жолымның жəне визаның ақшасын санаулы айда жинап үлгірдім. Ол кезде туристік визамен болатын. Барған бетте 3 күн ең арзан қонақ үйде болдым. Сол үш күнде көше жағалап жұмысты қарастырдым. Амал жоқ өмір сүру керек болғасын. Ол елде де қоймада телефон жинақтап реттедім. Жұмыс орын маған жатақхана мен екі мезгіл тамағын қамтамасыз етті. Жалақысы 3000 дирхам болды. Шамамен ол кезде 120 мың теңге. Өйткені жұмысым ауыр емес. Ол елде оданда көп табуға болатын кейін білдім. Көбінесе қасымда үндістер болды. Бастығымда үндіс шамалы орысша сөйлейтін. Жұмыс орыным карго, яғни басқа елді мекенге жүк тасымалдау. Өз ақшама алған визам 2 айға жарамды болғасын. Бастығым 2 жыл мерзімге бизнес виза жасап берді. Мен алаңсыз жұсымымды жалғастырдым. Басында қиналмадым, екі айдан кейін отанға деген сағынышым оянды. Олар көбінесе əр аптаның жұмасында толық демалады. Жұмысым кеш басталғанмен кешкі 9 ға дейін болатын. Күнде жұмыстан кейін көшеге серуендеп жүремін. Əр жұма сайын демалысымда таң ата аль мамзар атты шомылатын жерге барамын. Түске тамам жұмыскерлермен бірге мешітке жұма намазына барамыз. Жалпы ол ел туралы жиған тергенімді жазатын болсам өте ұзақ болып кетеді. 

Алкоголь көшеде дүкендерде мүлде сатылмайды. Көбінесе киім кешек пен ұсақ түйек заттарға арналған шағын дүкендер жолдың бойында көп болатын.

Солай жұмысымды істеп жүргенімде екі жыл зу етіп өтіп шықты. Визамның мерзіміде аяқталды. Қолдан келгенше жеткілікті ақшада жинап үлгірдім. Отанға қайта оралу керек болды. Бір жағынан отаныма деген сағынышымда басым болды. Əуежайға апаратын автобусқа отырдым. (Эйр Астана) автобусына. Автобус ұзақ жүретінін біліп барғанша қасыма сөйлесіп баратын адам болса екен деп тіледім. Автобусқа кірген бетте бос орындарды көріп, əдейі бір жас қыздың қасына рұқсат сұрап отырдым. Жасы шамамен менен 4-5 жас үлкендеу болды, ол кезде мен 21 де едім. Əуежайға жеткенше ол қызбен тез тіл табысып кеттім. Ол да мен туралы сұрап мəн жайды білді. Кейін бір бірімздің телефон номерімізді жазып алдық. Барлығы содан басталды. Əуежайға жеткенен кейінде барар жолымыз да бір болды. Ұшақта оның орыны басқа орындық болғасын, адамдармен келісіп орын ауыстырып сол қыздың қасына отырдым. Тура 5 сағат елімізге жеткенше арманмыз сөйлестік.

Солай ол қыз маған өз қарамағына жұмысқа орналасуын ұсында. Мен бірден келістім. Ол қыздың есімі Аяжан 25 жасар. Өзі зат тасымалдау арқылы ақша табады. Көбінесе Қытай мен БАƏ осы екі елден таситын. Арзанға алып үстіне ақша қосатын. 

Елімізге келгенде үш күндей демалып. Əпкелеріме барып бүкіл көрген білгендерімен бөлістім. Қолдан келгенше барлықтарына сыйлықта сыйладым. Кейін Аяжанның қарамағына  орналастым. Жұмыс оңай болған жоқ. Жəне Аяжанның мінезіне жүмыскерлер шыдамайтын. Мен сатушы да болдым. Қоймаға барып жүк тасыдым. Барып кел шауып кел деген жеріне баратынмын. Арасында оның айғайына шыдамай жұмыстан шығып кеткім келген кездерде болатын. Ашуланып ұрысып алатынбыз. Мойындаймын оның мінезіне əрең шыдадым. Бірақ мінезі тез ашуланып тез тарқайды. Бір қарасам күліп жүріп, бірде ауа райы секілді құбылып кететін. Солай бір жылда өтті. Аяжан шет елге мені өзімен бірге алды. Ол жақта да қасындағы көмекшісі болдым. Барлық нəрсесін орындадым. Аудармашы да болдым. Солай жылына екі рет барған сайын қасына ит секілді салақтап жүретінмін. 

Тура 3 жыл қарамағында істеп. Аяжан маған толықтай сенетін болды. Сол жылдары мен оның бұрын тұрмыста болып ажырасқанын білдім. Ол кезде мен оны танымағанмын. Ары қарай айтпасамда болады. Елімізде ажырасқандардың саны да аз емес. Қысқасы жасым 24 ке келгенде мен Аяжанға үйлендім. Жасы менен 4 жасқа үлкендігіне қарамадым. Қазір отбасы болғанымызға біраз жыл болды. Мен оның айғайына да үйреніп алғанмын. 

Осы қазір əжемнің батасын есіме түсірсем. Мен жолы болғыш адамын. Қиыншылықтың барлығы уақытша екенін түсіндім. Қаржылай жағдайымыз орташа, қарызға батып қиналған сəттерде болды. Мен сияқты қыздардың алдында ұялшақ адамдарға үйлену қиындау екенін білемін.  Біз сүймей қосылсақта. Бір бірімізге деген бауырмашылығымыз бар.

Психолог Жарқанаттың хатынан

Психологпен сөйлесемін десеңіз, оның Ватсаб нөмірі: +7 707 922 9085

Сұлу болғаным үшін мен 3 рет зорландым. Еркектерді жек көрем
Жеңгемнің құлдығынан құтылғым келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу