Әпкем түрмедегі жігітке ғашық боламын деп, көрмегенді көрді

Oinet.kz 07-01-2023 6815

Өмір деген қилы-қилы болып келеді ғой. Тағдыр кімге қандай "тосынсый" жасайтынын білмейміз. Мен бүгін оқырманға осыдан бірнеше жыл бұрын әпкемнің басынан өткен оқиғасын айтып берейін. Әпкем біздің үйде жатып жұмыс жасап жүрді.

Screenshot_13.jpg

Сол кезде ол екі жігітпен сөйлесіп жүрген болатын.Біреуі түрмеде жаткан жігіт, екіншісі қарапайым ауыл баласы еді. Әлгі түрмеде жатқан жігіт әпкеме үнемі сені сүйем, маған тұрмысқа шық, бар жағдайыңды жасаймын дейтін. Әпкем оны ұнатып қалыпты. Әйел құлағымен сүйеді емес пе, бірақ ,екінші жігітімен де сөйлесіп жүретін. Өзі ылғи да "екі оттың ортасында калдым" деп жүретін.

Түрмедегі жігіті жолда келе жатып адам қағып кеткенін және түрмеден жакында шығып әпкеме үйленгісі келетінін айтады.Содан түрмеден шығып әпкем екеуі кезеседі. Ол жігіт таза қазақ емес екен, анасы өзбек болып шықты.

Сонымен бір күні әпкем кешке жұмыстан қайтып бара жатқанда әпкемді алып қашады, әпкем көнбейді. Бірақ әлгі жігіт әпкемнің ауылына барып, оның анасының алдынан өтпекші болады. Жігітке көнгісі келмеген әпкемді ол қорқытып, тамағына пышақ тақап, "менің дегеніме көнесің,әйтпесе өлтірем" дейді. Сонымен жігіт әпкемді әпкемнің анасының алдына барып құдайдай сөзін айтып, рұқсатын алып кетеді, әпкем қорыққанынан ештеңе демей отырады.

Әпкемді алып қашқанын біз де білмейміз, біздің үйде жатқандықтан папа жауапты ғой. Әпкемді алып қашып кеткенін естігенде папам қан қысымы көтеріліп, уайымдап қатты ауырып қалды.

Кейін білдік, әлгі жігіт әпкемді ешқандайда алып қашпаған, үйіне де апармаған. Айдалаға апарып әпкеме білгенін істеген. Біздің апалар артынан қуып барамыз деп дайындалып отырған, ешқандай хабар да жоқ,3 күн бойы жоқ болып кетті.Біз полицияға арыз бердік, қызды іздеді, таппады полицилер. Үш күн өткенде бір кафеден әлгі жігіт пен әпкемді бір таныс кісі көріп полицияға хабараласады. Олар келем дегенше жігіт әпкемді тастап қашып кеткен. Ұстай алмай қалдық, әпкемді үйге алып келдік. Оның осы үш күнде көргендері психикасына әсер еткен болу керек, өзгеріп кеткен не істегенін өзі білмейді. Оны тексеріттік, қыз болмай шықты, әлгі жігіт зорлаған. Содан ол жынды сияқты боп қалды өзімен өзі отырып жылайды, бір уақытта күледі айғайлап. Неше марте асылып қалайын деп жатқан жерінен ұстап қалдық. Уақыт өте келе ол дұрысталды өзінен 10 жас үлкен ажырасқан біреуге тұрмысқа шықты. Кұдайға шүкір күйеуі алтын адам, әпкемді сондай жақсы көреді. Қазір 2 баласы бар, бақытты. Мен мұны сабақ болар деп жазып отырмын,өтінем қыздар сезімге беріліп алданып қалмаңдаршы.

Бақыт, Алматы

alashainasy.kz

Туған қызыма анасы екенімді айта алмай жүрмін
Апамның кесірінен тағдырыма иелік ете алмай қалдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу