Екінші рет ажырасудан қатты қорқамын

Oinet.kz 17-10-2022 2312

Жасым 24-те. Тұрақты жұмысым бар, ата-анаммен тұрамын. 19 жасымда өз құда балам алып қашып, бірақ некеміз сәтсіз болып ажырастық. Қазір 4 жасар қыз тәрбиелеп отырған анамын.

Screenshot_7.jpg

Осы күнге дейін қуанышым да, жұбанышым да қызым болды. Негізі Алматының қызымын, бірақ отбасымызбен Қарағанды қаласына көшіп келдік. Қазір осында жұмыс істеп жатқаныма 2 жыл болды.

Енді айтпағым, өмір бойы тек қызым үшін өмір сүремін, оқытамын, әкесінің жоғын білдірмей, ешкімнен кем қылмай өсіремін деп мақсат қойғам. Қазір жұмыста үйленбеген жігіт сөз салып тұрмысқа шығуымды өтініп жүр. Өзі орысша тәрбиеленген. Ұрысып та, жәй сөзбен де түсіндірсем қояр емес. Сенің өткен өмірің маңызды емес, сені бақытты етемін деп қоймайды.

Бір мекемеде жұмыс істейміз. Ол беделді инженер, мен аудармашы болып істеймін. Қызым барын да біледі. Оны айтсам, қызың ешқандай мәселе тудырмайды, тегін өзгертіп менің қызым деп жазғызамын деп әлек болып жүр.

Осылай ұсыныс жасағанына 1 жылдың көлемі болды. Бір рет аузың күйген соң, қатты қорқады екенсің. Қанша айтқанмен бұл деген үлкен жауапкершілік қой. Оны жан-жағынан сынап-тексеріп, біліп жүрмін. Әзірше жаман қырын көрмедім. Айтқанымды екі етпей орындайды. Төсек мәселесін қозғамайды мүлдем, (басқа еркектердің көкейінде тек сол тұрады байқағаным). Тұрмысқа шықшы дейді, қаласаң той жасаймыз, қаламасаң жасамаймыз дейді.

Енді мен білмеймін, қалай дұрыс шешім қабылдаймын және екінші рет тұрмысқа шыққанда бәрі басқаша болады ғой. Орамал салады ма? Той жасаған дұрыс па? Көпшіліктің барынша ақыл-кеңестерін алғым келеді.

Сәуле, Қарағанды

alashainasy.kz

Тағдыры тәлкекке түскен қорғансыз қыз елді жылатты
Жалғыз бауырым бар еді, одан да баз кештірді...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу