Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Ағамнан бездім. Бір түйір бауырым ғана бар еді. Бəріне кінəлі - жеңгем. Мен жеңгемді түсіне алмаймын. Рас, оны түсінуге талай рет тырыстым. Бəріне ағам үшін көз жұмып келді. Болды, шыдамым бітті.
Жеті жылдан асты келін болғалы, еңкиіп жерден тірлік алған емес. Үйдің бар тірлігін менің мойныма артып қойған. Ішеді, жейді, жатады. Балаларына қарауды да білмейді. Əйел болып, бір тірлік істегісі келмейді. Қалаға көшкісі келеді. Ауылда тұруға əзер шыдап жүр. Келін болған соң, ата-енесін сыйлауы тиіс емес пе? Ол ата-анамызды келген күннен құрметтеген емес. Анама зекігенін естіп, талай рет онымен сөзге келгенбіз. Қыз басыммен оның кемдігін айтқаным жөнсіз екенін ұғамын. Амал не? Айтуға тура келеді. Үйде ағам екеуміз ғанамыз ғой. Не деген адам екенін əлі ұқпаймын? Мұғалімдікті оқыған қызбын. Жасым жиырма алтыда. Кішкентай інілерім аш қалмасын, жасы келген анам қолын мұздай суға салып, бүгжеңдеп үй тірлігін жасамасын деп, жұмысқа шықпадым. Солай еткенімде де жақпадым. Өз ағамды өзіме қарсы қойып, үйіміздің берекесін қашырып бітті. Шын ағам жақсы адам еді. Жеңгем келгелі, мені жек көріп барады.
Алдыңғы аптада өмірі қатты сөз айтып көрмеген ағам маған қол көтерді. Жеңгеммен анама дауыс көтергені үшін алдын сөзге келген едік. Сол сөзге келудің соңы ағамның қол көтеруімен аяқталды. Содан бір түнде Астанаға билет алып кетіп қалдым. Əкем ардагерлер үйіне демалысқа кетіп еді, ол кісімен қоштаса да алмадым. Əзір ата-анамды ойлаймын. Ағамды енді бар адам деп, бауырым деп санамаймын. Не істесем екен?
Үйдің бар тірлігі анам пақырға түсіп, қиналып жүр ме? Ойлансам, ойдың түбі жоқ... ақыл қосыңдаршы
Үміт, Талдықорған қаласы