Ақтамберді жырау. «Еділ, Жайық - екі өзен»

Oinet.kz 16-09-2018 1849

Еділ, Жайық - екі өзен,

Талсыз болар деймісің.

Көкшетаудың көп көлі

Елсіз болар деймісің.

Бота көзді бойжеткен

Жарсыз болар деймісің.

Абылай қонған кең қоныс

Елсіз болар деймісің.

Еркін жайлап қонған соң,

Малсыз болар деймісің.

Тұлпар туған құлыншақ

Ерсіз болар деймісің.

Тебінген тепкі тиген соң,

Терсіз болар деймісің,

Алқынған арын баспайтын

Өрсіз болар деймісің.

Орын тапқан ер жігіт

Жерсіз болар деймісің.

Орда тігіп орнаса,

Төрсіз болар деймісің!

Ақтамберді жырау. «Күлдір де күлдер кісінетіп»
Ақтамберді жырау. «Түйе мойнын тұз кесер»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу