Сиань сапары: Қытай кәсіпорындарымен келісімдер жасалды
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған делегация жуырда Қытайдың Сиань қаласына барып, бірқатар келісімдер жасады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов осы сапардың барысын баяндап берді.
Сапар барысында Қазақстан мен Қытай кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық пен алмасуға ықпал ететін ұйым болып табылатын «Қазақстан – Қытай кәсіпорындар альянсымен» ынтымақтастық платформасын құру, іскерлік сапарларды ұйымдастыру және сауда - экономикалық форумдар өткізу арқылы екі елдің экономикаларының өркендеуі мен дамуы бойынша бірқатар келісімдер жасалған. Мәселен «Xian Typical Elevator Co., Ltd.» компаниясымен лифт өндірісі бойынша зауыт салу жобасы талқыланған. «Shaanxi Foreign Trade Import and export Group Co., Ltd.» компаниясымен көтерме сауданы, технологиялар мен азық - түлік импортын және экспортын, қойма қызметтерін, көлік қызметтерін, жеткізу тізбегін басқару қызметтерін, халықаралық контейнерлік тасымалдарды экспедициялау бойынша екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылған. «China Communications Construction Company Limited (CCCC) Tianjin Dredging Co., Ltd.» компаниясымен порттар мен су жолдарын тереңдету, жерді мелиорациялау, гидротехникалық құрылыстар мен іргетастарды жобалау, іздестіру, жобалау, кеңес беру және экологиялық тереңдету, сондай-ақ жабдықтар өндірісіне, инвестицияларға, жылжымайтын мүлікті дамыту, халықаралық тасымалдар, транзиттік сақтау бойынша екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланған.
Форум және екіжақты кездесулер нәтижесінде жалпы құны 17,6 млн АҚШ долларына келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда: «Invest Shymkent» ЖШС және «China-Kazakhstan Enterprises Alliance Committee group» арасында өзара түсіністік туралы меморандум; «KazFerroGroup» ЖШС және «Shanxi Heynan New Metallurgical Electric Equipment Co. LTP» компаниясы арасында Ферроқорытпа пешін сатып алу туралы келісім (16,3 млн АҚШ долл.); «JT Food Expert» және «Xi'an Gang Tong Tian Xia Dian Zi Shang Wu You Xian Gong Si» компаниялары арасында тамақтану саласында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
«KazBioTech» ЖШС және «Alashankou city Haoyu Trading Co. Ltd» арасындағы өсімдік майын сату туралы келісім (1,3 млн АҚШ долл.) жасалған.