Журналистер спартакиадасының жалауы желбіреді

Oinet.kz 23-06-2024 656

15.jpg 

Жыл сайын 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі спартакиада – журналистер қауымы үшін үлкен мереке. Биылғы дәстүрлі спартакиаданың жалауы Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы стадионында желбіреді. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Турнирдің ашылу салтанатында сөйлеген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың құттықтауын жеткізді. Ол өз сөзінде қоғамдағы БАҚ өкілдерінің  орнына, атқарып жүрген жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ, журналистер қауымын мерекемен құттықтап, билік пен халық арасында алтын көпір болып отырған журналистер қауымының қызметтеріне тоқталып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған спартакиаданың бірінші күнінде қыздар және ерлер арасында үстел теннисінен және командалық құрамда волейболдан жарыс өтті. Үстел теннисінен «Қызмет»  командасының намысын қорғаған Айнұр Өміржанға тең келетін қарсылас табылмады.  Жүлделі екінші орынға «Оңтүстік TV»  командасының өкілі Фариза Құрманбек ие болса, үздік үштікті «Шымкент келбітінің»  ойыншысы Гүлжауһар Бажақай түйіндеді. Ал, ерлер арасында үстел теннисінен 1-ші орын «Кю контент» порталының қызметкері Асылбек Түйетаев қанжығасына байласа, «Оңтүстік TV» командасының қатысушысы Күнту Арынбек қырағылық танытып  тағы да екінші орынға табан тіреді. «Ернұр - Press» командасының ойыншысы Қаныш Уалиханов қола медальға ие болды. Волейболдан «Оңтүстік TV» командасы қарсыластарын басып озды. 2-ші орынды «http://xn--c1aembp79d.kz/» командасы жеңіп алса, 3-орын «Айғақ» телеарнасына бұйырды.

Жарыстың екінші күнінде арқан тартыс пен футболдан бақ сынады.

Арқан тартыстан «Оңтүстік TV» командасы жүлделі 1-ші орынға ие болып, 2-ші орынды  «Ернұр  Press» ұжымы қанжығалады. Ал үздіктердің қатарв «Айғақ» телеарнасының ұжымымен толықты. Жасыл алаңда бақ сынаған журналистердің бәсекесі де қызықты өтті. «Оңтүстік TV» командасы «Ернұр Press» жігіттерінен 3:1 есебінен есе жіберсе “Түркістан TV” командасымен 2:1 есебінде ұтылды. Екінші айналымда «Түркістан» жігіттері «Үштаған» командасынын 5:2 есебінде жеңді.  Финалдық кезеңде «Үштаған» командасына «Отырар» телеарнасының қатысушылары қарсы шықты. Ойын қорытындысы бойынша «Отырар» командысы 3:1 есебімен жеңіске жетті. «Түркістан БАҚ» пен «Ернұр Press» арасындағы ойын тартысты өтті. Үздікті анықтау қиынға соққан сайыста  «Ернұр Press»  жігіттері 4:2 есебімен қарсыластарына шаң жуытпады.

Жеңімпаз командаларды Ішкі саясат басқармасы жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Айкерім Жұмағұлова марапаттап, Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыстады. 


Шымкент: Газ тапшылығын болдырмау мәселесі талқыланды
Шымкент-Қытай кәсіпкерлерінің форумы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу