Шымкент: Полицейлерге көліктердің кілті табыс етілді

Oinet.kz 23-06-2024 720

001.jpeg 

--Заңның орындалуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау – жауапкершілігі мол жұмыс. Өткен жылдарда ішкі істер саласына ауқымды әрі жүйелі реформа жасалды. Соның нәтижесінде полициямыз өз міндетін жоғары деңгейде атқаруда. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде құқық қорғау жүйесі түрлі сын-қатермен бетпе-бет келді. Өтпелі кезеңдегі ахуал қандай күрделі болғанын жақсы білесіздер. Полиция қылмыспен табанды түрде күресті. Сол арқылы бизнестің қалыптасуына жағдай жасалды

Заман күн сайын өзгеріп жатыр. Жаңа сын-қатерлер пайда болуда. Оның бәрі ішкі істер органдарының түбегейлі өзгеруін талап етеді. Біз болашаққа нық сеніммен қадам басуымыз қажет. Қуатты мемлекет болу үшін мызғымас тұрақтылық, темірдей тәртіп орнауы керек. Бұл – еліміз үшін стратегиялық міндет. Отандық полиция осы міндетті абыроймен атқаратынына мен кәміл сенемін. Біз тәртіп сақшыларын қолдауға әрдайым ерекше көңіл бөлеміз. Кейінгі жылдары полиция қызметкерлерінің жалақысы бірнеше рет өсіп, тұрғын үйді жалға алу құнына өтемақы төлеу енгізілді. Сонымен қатар әкімдерге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерге 30 пайыздық үстемақы белгілеу құқығы берілді. Менің тапсырмама сәйкес биылғы 1 қазаннан бастап жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі. Біз полиция қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғауды жақсарту үшін кешенді шараларды жалғастырамыз--деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

23 маусым-Полиция күні қарсаңында Шымкентте қалалық Полиция департаментінің инспекторларына автокөліктердің кілттерін табыстау салтанаты өтті. Салтанатты рәсімге Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

--Биыл Қазақстан полициясына 32 жыл толады. Қала тұрғындарының қауіпсіз және бейбіт өмірі, болашаққа сенімі біздің тәртіп сақшыларымыздың адал және ашық қызметіне байланысты.

Полиция күні қарсаңында Шымкент қаласы полиция департаментінің 54 учаскелік инспекторына автокөліктердің кілттерін табыстау салтанатына қатыстым.

Полиция қызметкерлерінің жұмысы өте ауыр. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және алдын алу шараларын жүзеге асыру міндеттері күннен-күнге артып келеді.

Қаламызда полицияның материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша шаралар жүйелі жүзеге асырылуда. Барлық қажетті заттармен жабдықталған жаңа көліктер қызметкерлерге жүктелген тапсырмаларды тиімді орындауға мүмкіндік береді,-деп жазды қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.


Шымкент: «Жасыл елдің» жаңа маусымы басталды
Шымкент: Газ тапшылығын болдырмау мәселесі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу