Философия. Реферат. Діни экстремизмнің пайда болу алғышарттары
Мақалада «діни секта», «экстремизм» жəне «терроризм» үғымдары əлеуметтíк-философия түрғысынан аныкталды. Секталардың даму жолдары жəне адамдарды арбау механизмдері жан-жакты ашылды. Діни секталар, экстремистік үйымдар террористік лаңкестікке жол ашатындығы карастырылды. Сондыктан діни секталар жай карапайым топ емес, күрделі иерархиялык күрылымы бар үйым екендігі баяндалды. Автор оларды кауіпсіздік жəне деструктивтік түрғыда екі топка бөлді. Жəне діни секталарға сипаттама беру аркылы алғышарттарын карастырды. Діни экстремизм, коғамдык жат күбылыс сиякты, өзіндік себебі мен заңдылыктары бар. Оны кездейсок күбылыска жаткызуға болмайды. Осыған орай, автор бар болған шындыкпен емес, оның пайда болған алғышарттарымен күрес жүргізу керектігін баса айтады. Дəл осы әдістің нəтижесí көп кешіктірмей өзінің жемісін берді. Экстремизмнің жат күбылыс ретіндегі себебін іздеу, өз алдына, онымен күрес жүргізу күралдарына алып келеді. Бірак кандайда күбылыс болмасын, ол тек бір ғана факторға негізделмейді. Яғни, əр жеке күбылыстардың себебі катып калған жалғыз, абсолют емес. Ол діни экстремизмге де катысты мəселе. Сол себепті автор «діни сектаны» экстремистік идеялардың пайда болу ошакдарының бірі ретінде қарастырады. Оның себептері əртурлí. Адам əлеуметгíк пенде болғандықтан, көпқырлы. Мəселен, діннің мəнí жəне мақсаты туралы толық түсініктің (білімнің) болмауы дінге деген радикалдык катынасты тудырады. Діни экстремизмнің пайда болу себептерінің бірі, діннің кай түрі болмасын (буддизм, христиан, ислам т. б.), діни сауатсыздык. Адамдардың діни сауатсыздыктарын жаксы пайдалана білген «дін басшылары» оларды сектаға кіруге итермелейді. Нағыз акикат сол жерде деген үғым калыптастыруға тырысады. Автор макалада діни үйымдардың барлығын сектаға жаткызбайды, керісінше, «діни сектаның» жүмыс істеу тетігіне сипат беру аркылы оның баска діни үйымдардан айырмашылығын ашып көрсетеді.
Діни экстремистік үйымдардың үйымдастырылған коғамдык нормаларға жат көптеген іс- əрекеттерíне анықтама беру кезінде зерттеушілер сол əрекеттерге сəйкес үғымдық-танымдық аппараттың болмау мəселесíне тап болады.
Философия, əлеуметтану, саясаттану жəне психология эдебиеттерінде осындай қүбылыстарды сипаттау үшін «тоталитарлык секта», немесе «авторитарлык секта», түсінігін колданады. Біз оны «діни секта» деген үғыммен байланыстырдык. Ғылыми əдебиеттерде ол көбінесе «деструктивтік культ», «деструктивтік мазмүндағы діни үйымдар», «коғамға кауіпті діни үйымдар», тағы баска мағыналарды колданады. Оған себеп діни секта мен тоталитарлык сектаның арасында формалды ғана айырмашылык бар. Діни не тоталитарлык секта болсын, көздеген максаттары жəне колданатын механизмдері бір-біріне үксас, кейбір жағдайларда бірдей деп те айтуға болады. Сырткы формасы əртурлı болғанымен, ішкі мазмүны бір-біріне үқсас. Оны біз төменде дəлелдеп беруге тырысамыз. И.Я. Кантревтің пікірі бойынша, дінтануда «тоталитарлык секта» үғымы аз колданылады. Сондыктан «секта» немесе «культ» деген аныктамалардың орнына жаңадан пайда болған діни үйымдарды «жаңа діни козғалыс» деген атаумен аныктаған дүрыс болады деген пікір айткан болатын. Оған түрткі болған ағылшын əлеуметтанушысы А. Баркердің еңбектері. Ол заманауи діни ағымдарға катысты көптеген зерттеулер жүргізген болатын.
«Діни секта» аныктамасының басты кемшілігі накты белгіленген жəне түракты классификациялык белгілер жоктығында. Осыған орай кандайда жаңа діни үйымдар немесе діни- философиялык ағымдар немесе жай ғана ғылыми-біліми үйымдар болмасын, оның барлығын «секта» немесе «культка» жаткыза беруге болатындай мүмкіндік туындайды. Сондыктан діни ағымдар мен зайырлылык үйымдарды ажырата білген дүрыс.
Діни секта — ол үйымның ерекше түрі, оған авторитарлык баскару жүйесі тəн. Мүндай секталарда адам бостандыктары мен күкыктарын шектеу, оның өміріне жəне денсаулығына кауіп төндіру сияқты щ-əрекеттер орын алады.
Батыс елдерінде діни сенім бостандығы мəселесí ұзақ жылдарға созылған тарихы бар. Еуропа орта ғасыр тарихы жəне де сол заманда философияның таным, ғылым ретінде атқарған рөлін айтсақ, соның өзі дəлел. Ортағасырлық Еуропа елдері үшін діннің шарықтап тұрған кезеңі еді. Діни фанатизм сол елдердің мəдениетíн бір жарым ғасырға шектеп, дүниетанымдық дағдарысқа алып келді. Сондықтан діни сенім бостандығы көптеген батыс мемлекеттерінде жəне Қазақстан Республикасында конституциялық заңмен реттеледі жəне қорғалады.
Қазіргі жаңа діни ағымдардың жіктелуін қоғамдық қауіпсіздік жəне деструктивтік тұрғысынан анықтап, оларды топтарға бөлейік.
Бірінші топ. Діни ілімдерінде деструктивтілік белгісі айқын орын алмаған секта. Яғни, бір жағынан, адамға дүниетанымдық жағынан ешқандай қауіпсіздік тудырмайды. Бірақ қоршаған ортамен ашық қарым-қатынасқа түспеседе, қандайда ішкі немесе сыртқы жағдайларда қарсы тұруға тырысады.
Екінші топ. Діни ілімдерінде деструктивтілік белгісі айқын орын алған секта, бірақ қандайда объективтік немесе субъективтік себептерге байланысты қолданбайды немесе сирек қолданады.
Үшінші топ. Діни ілімдерінде деструктивтілік белгісі айқын орын алған жəне оны тəжíрибеде кеңінен ашық қолдануға тырысады. Үнемі белсенділік танытады. Жоғарыда аталып өткен діни ағымдардың үш типологиясы да қоғамға қауіпті. Олардың қауіптілігін белсенділіктері арқылы анықтауға болады.
Діни секталар «шіркеу мен шіркеулердің қандай да бір ерекше — діни идеяларды тудырудың жəне ұйымдастырудың дербес типі» [1; 204]. Осының барлығы діни экстремизмнің дамуы үшін объективті құрылымдық алғышарттар болып табылады. Діни секталардың таралуы өз кезегінде рухани əлемде əлеуметтíк ауытқу болып табылады, өйткені оған академик В.Н.Кудрявцев бөліп қарастырған əлеуметтíк ауытқулардың белгілері тəн. Нақтырақ айтқанда: 1) белгілі бір көпшілдік немесе жалпылық сипат алуы. Шамамен алғанда алты миллион адам ХХ ғ. соңында осындай діни бірлестіктерге барған; 2) осы бірлестіктердегі тұрақтылық [2; 95].
Әлеуметтік философия жəне дінтану тұрғысынан діни секталардың феноменологиясы мен этиологиясы мəселесíн қарастыру көптеген кешенді мəселелердí тудырды.
Діни секталардың қызметін жоғарыда жалпы анықтап бердік. Өз мақсаттарына сəйкес, сенім бостандығын жүзеге асыруда, оны кері пайдаланушылықтың әртүрлі тәсілдерімен жүретіндігі бізге мəлíм. Діни секта діни экстремистік ұйымды құру үшін қандай да бір объективті құрылымдық алғышарт ретінде жəне діни экстремизмнің таралуы белгіленген нормалар жат аясында талқылауға тəн аспектілердің бірінен тұрады.
Нəтижесíнде «секта», «діни секта», «жеке басқа табыну» «деструктивтік ғұрып» əлеуметтíк жағынан жағымсыз ұғымдарға айналып, қылмыс жасау, алдау, алаяқтық, террор секілді түсініктермен тығыз байланысты болды, ал ол, өз алдына, теріс эмоциялық күйге алып келеді.
Әлеуметтік философия, дінтану жəне саясаттану əдебиеттерíнде діни секталарға қатысты келесі тұжырымдарды кездестіруге болады: «діни секталар - ұйымдасқан қылмыстық топтың формасы» [3; 62], «діни секталар құлдықта, жезөкшелікте, өнер жəне тарихи құндылықтарды шет елге шығару мақсатында, антиквариаттарды ұрлауды ұйымдастыруда, валюталық қылмысты жүзеге асыруда қатысады» [3; 47].
Осы орайда А.В.Тонконоговтың түсініктері пікірталас тудырады, ол ешқандай эмпирикалық дəлелдердí келтірмей, осы мəселе бойынша арнайы əдебиеттерге сілтеме жасамай, секталар мен қылмыс арасында теңдік белгісін қояды. Сонымен қатар ол «сектаның саяси қылмыспен бірдей екендігі, секталардың өкілдері экономикалық қызмет аясында көптеген қылмыстар жасайтындығы, қылмыс пен «сектаның» арасында жалпы шекара ғана бар екендігін айтады» [4]. Олардың арасында байланыс бары сөзсіз. Бірақ оны таза саясатпен немесе экономикалық қызметпен байланыстыру дұрыс емес. Себебі қарастырып отырған мəселенщ ауқымын шектейді.
Қоғамдық қаупісіздік саласына қатысты мəселелердщ басқа кешені — бұл діни секта мүшелерінің қоғамдық нормаларға жат мінез-құлқы механизмі мен көздеген мақсаттарының ерекшеліктері. Діни секталардағы террористің немесе экстремистің жеке басы, қоғамдық қатынастың субъектісі ретінде философия, əлеуметтану, саясаттану жəне психология үшін қызығушылық тудырады. Дәстүрлі емес діндер, дәстүрлі діндерге қарағанда, жоғары қарқынмен дамуда. Бұл беталысты (заңдылықты) Д.Е. Фурман, К. Каариайнен байқаған [5]. Діни секталардың таралу себеп- салдары мен шарттары біршама əлеуеттí тұрақсыз құбылыс ретінде психологиялық тұрғыдан да қарастырылуы керек.
Діни сектаның виктимологиялық аспекті дербес заңбүзышылық мəселеден ғана түрмайды. Діни секлалардың íс-əрекелíнщ нəлижесíнде қүрбан болған бірлесліклің мүшелері оның олбасы немесе бауырлары болуы мүмкін. Діни секлалардың баслы əрí ерекше бір сипалы, ол жеке лүлғаның біруақытта қүрбан да жəне қылмыскер де болу жағдайы. Яғни, бір жағынан, ол діни сектаның қүрбаны болады (психологиялық жағдай), екінші жағынан, қылмыслың субъеклі (íс-əрекелí). Олардың қылмыслық лабиғалын лүсіну жəне талдау үшін келесі мəселенí ескеру қажет: діни бірлестік шіркеу жəне мешіт емес, секта немесе культ (жеке басқа табыну) болып табылады, оның мүшелері православие, ислам, буддизм, иудаизм, католицизмнен ерекше, діни доктринаның жолын үстанады, бірақ оларды заңбүзушылар немесе қылмыскер ретінде қарастыруға жəне қудалауға негіз жоқ. Себебі олардың діни доктриналарында нақты экстремистік идея жоқ немесе айқын емес. Жоғарыда діни ілімдердің типологиясын қарастырғанда оны айтқан болатынбыз. Біздің пікірімізше, діни секта қылмыстану түрғысынан діни-экстремистік үйымды қүру үшін, қандай да бір объективті қүрылымдық алғышарт ретінде қарастырылуы керек, бірақ оның өзі жеткіліксіз жəне негізсіз.
Діни секталар мəселесíне келгенде, оның саяси мəнíн де үмытпаған жөн. Діни секталар, үйым ретінде, саясатқа да көзделген. Сондықтан дінге негізделген саяси экстремизмнің де негізі бар. Діни- саяси экстремизм, ол мемлекеттік билікті күшпен басып алуды көздейді. Мақсатына жету жолында дінаралық жəне үлтаралық шиеленісті тудыруға тырысады. Осыдан келіп туындайтыны саяси экстремизм.
Діни секталарға сипаттама
XX ғасырдың 60-70-жылдарында пайда болған діндарлық көрінісінің дəстурлı емес формалары қарама-қайшылыққа толы əрлурл¡ кешенді қүбылыс болып табылады, бүл осы қүбылысты анықтайтын бірыңғай түсінікті жасауда күрделілік тудырады.
Біз əдебиеллердí талдау барысында осы қүбылысты сипаллауға жəне келесі амалдарды бөлуге мүмкіндік туды: теологиялық, психологиялық, əлеумеллíк, қылмыстанулық.
Діни сипаттама. Дінтанушылар діни секталардың доктриналарын дəслурл¡ дінге сай келу немесе келмеу тарапынан зерттейді, олардың идеологиясының ерекшеліктерін қарастырады. Алайда əлеумеллíк ортада осы секталар қызметін, заңды жағынан мəндí жағдайларда жақтаушылар қүлқының психологиялық ерекшеліктерін талдау дінтану амалдың шегінде жатыр, бүл оның шектеулі екендігін көрсетеді. «Шіркеу қазіргі өркениет тудырған мəселелердí түсіне отыра, əлемнщ тағдырына жауапкершілікпен қарайды» [6; 332]. Діни секталар түрғындар арасында насихаттау жолдары жетілгендіктен (интернет көздері), мемлекет тарапынан оған шек қою мүмкіндіктері əлсíздеу болады.
Қоғамдық нормаларға жат íс-əрекеллердí талдаудағы діни сипаллама А. Августин, Ф. Аквинский жəне тағы басқа ортағасыр ойшылдарының еңбектерінде белсенді талықыланады. Қоғамдық нормаларды бүзатын íс-əрекеллердí діни түрғыдан түсіндірмелері әзәзілдің (шайтанның ісі) əрекетíнен қоғамдық қауіпті əрекеллí байланыстырды. Бірқатар заманауи ислам мемлекеллерінде шариат соттарының тəжíрибесí аса түрақты болып табылады.
Қылмыс түсінігі зүлымдықтың шектен тыс көрінісімен байланысады. Қылмыскер — зүлымдықты тікелей іске асыру қүралы. Діндарлардың негізгі идеясы қылмыс жасау адамның қүдайдан теріс айналуы немесе әзәзілдің билігінде (сатанизм) болғандығының нəтижесí болып табылады.
Қоғамдық нормалардан жат қылықтарды талдауға діни амалдар аясында жасалатын идеялар аса күрделі. Олардың көпшілігі дəлелденбейтíн сипатқа ие. Сонымен бірге олар зүлымдық қүбылыстар болмысының жаңа қырын, жаңа жазықтығын ашады. Оларға сəйкес ғылыми болжамдардың негізіне қойылған болуы мүмкін, күрделі дүниетанымдық көзқарастық мəнге ие.
Мұндай идеяларға жататындар:
қоғамдық нормаларды бүзу — ол зүлымдық. Зүлымдық íс-əрекетке жол бермеу — ол игілік;
жағымсыз íс-əрекеллерге əсер етудің мақсаты — зүлымдық пен жақсылық арасында қарама- қайшылықтарды шешу жолы арқылы, жоғары əдíлдíкке жету — қоғамның мақсаты;
зүлымдықпен күрес қүдаймен жайнатылған;
ізгілік, онтологиялық жағынан, жамандықтан күші — зүлымдықпен қарсы күресте қуат берудің қайнар көзі осында;
зүлымдыққа əсер етудің діни шаралары, біршама жамандықты бəсевдету мүмкіндіктеріне ие. Олардың негізгілері уағыз, жақсы íс-əрекеллер жəне дүрыс көзқарас, қайырымдылықтың нүсқасы болып табылады. Сонымен бірге намаз оқу, медитация, спортпен шүғылдану, қайырымдылыққорларын ұйымдастыру жəне басқа сияқты зұлымдыққа қарсы əсер етудің дəстýрлİ емес шараларымен тығыз байланысты;
зұлымдыққа қарсы тұру үшін басты екпінді əрбíр адам, ең алдымен, өзінен бастауы қажет, яғни өзін-өзі кемелдендіру немесе жетілдіру керек.
Құқықтық сипаттама. Діни сектанттық (діни-экстремистік ұйымдардың) феноменін зерттеудегі екінші сипаттамасы құқықтық бағыт болып табылады.
Құқықтық сипаттама діни секталардың əрекетíн құқықтық реттеу шектерін дұрыс орнату үшін (қалайтын жəне мүмкін болатын); діни сеніммен байланысты зұлымдық жасаған жағдайда осындай түрдегі діни ұйым қатысушыларының жауапкершілігін жекешелендіру жəне дифференциациялау, сондай-ақ діни ұйымдардың қызметін реттейтін құқықтық нормаларды, діни-сектанттық мəселесíне кешенді əлеуметтік-құқықтық амалдың қажетті жасақтамаларын мағынаға сəйкес талқылау үшін қажетті ғылыми алғышарттар құрады.
Діни-экстремистік ұйымның құрылымдық негізі ретінде діни секта түсінігін анықтау үшін «секта» жəне «діни» санаттарын сараланған түрде қарастырған жөн.
Ұйымдастырушылық құрылым ретінде сектаның ерекшелігі келесі белгілермен сипатталады: 1) ену шарттары; 2) мүшелердің елігу деңгейі; 3) жалпы əлемге деген қатынас.
Психологиялық сипаттама. «Көбінесе террористердің логикасы олардың жалпы мəдени деңгейіне байланысты» [7; 182]. Осы құбылыс туралы түсінік психологиялық немесе сонымен тығыз байланысты белгілер мен қасиеттердің үйлесімін пайдалану көмегімен беріледі. Діни секталардың келесі психологиялық сипаттамаларын бөлуге болады:
өз идеяларын насихаттау жолында ерекше белсенділік таныту;
олар тек өзі жоғары біліммен, шынайы Құдайдың сөзімен, қасиетті жазбаларға ие екендігіне нық сенім;
жетекшіге жаны жақындық немесе берілгендік;
көшбасшының харизматикалық сипаты;
өзін ерекше, басқа топтардан керемет деп қабылдау;
діни секта мүшелері өмірінің барлық тараптарын реттеу, қатаң тəртíп;
жеке тұлғаның өзіндік қасиетін басу немесе жоққа шығару;
дəстүрлі діни ілімдерден ауытқу.
Осы белгілердің жиынтығына Р.Ж. Ловингер конфессионалдықтан тыс жəне эзотерикалықты (бейхабарлардан жабық, ішкі білімнің болуы), тығыз топішілік байланыстар, ғибадаттар мен тəжíрибелердщ жоғары эмоциялығы, олардың авторитарлық сипатын қосады.
Оларға «біз» жəне «олар» кешені, өзін қоршаған əлемге, мəдениетке қарсы қою; өз идеяларын белсенді насихаттау; əлем жəне оның шынайылықтарынан бөлінуге əкелетíн топ мүшелерін толық оқшаулау, өмір философиясы мен стратегиясын анықтайтын орталық бедел секілді жаңа діни топтардың сипаттамаларын анықтауға болады.
Жаңа діни топтарға сөзсіз беделдіктің жеке көзі деп «қасиетті кітаптар» қастерлейтін үгіттеуші, негізін қалаушының болуы жатады. Жаңа діни топтар авторитарлы жəне жақтаушылардың саналы, өзіндік тəуелсíз ойлауын қолдайды; өз əрекетíн құпиялылық ахуалмен қоршауға тырысады, оларға қудалау сипаты тəн; өзіне жаңа адамдарды тартқанда алдау, арбау жəне жақтаушыларды басқаруда қорқыту технологиясын пайдаланады.
Заманауи əдебиеттерде жеке басқа табынудың келесі сипаттары берілген: харизматикалық басшы, ерекше отбасының болуы, басшының айналасында ұйымдастық, барлығы үшін міндетті мінез-құлық нормалары, əлемге деген ақырзамандық көзқарас (ақырзаманды күту), жаңа Ислам əлемíн құру (Халифат), «адасқандармен» қасиетті соғыс жүргізу.
Психологиялық амалды пайдаланудың негізгі қиындығы мынадан тұрады: онда бірлестіктің қызметінде жəне фанатизмге белсенді қатысуды белгілеу, топтық нормаларды қабылдау жəне топқа сөзсіз бағыну, епті сендіру жəне бағдарламаландыру, басқарушының беделін жəне діни ұстаз беделін белгілеу мүмкін емес. «Жалпы адамның İс-əрекет ету қызметі (мотивация) оның мəн беруінде жатыр» [8; 52]. Сондықтан, адамның мотивациясын толық ашып беру мүмкін емес. Бұл психологиялық жағдай адамның ішкі жан-күйін сипаттайды.
Психологиялық амалда діни секталардың болмыстық мəнíнде екендігі жəне олардың ерте кезеңдегі, яғни ХХ ғ. басында, туындаған діни секталардан қағидалық айырмашылығы неде, қандай түрлерге бөлетіндігі айқын емес, сонымен бірге мінез-құлықтың уəждемесí де анық емес болып қалады.
Əлеуметтíк сипаттама. «Діни секта» түсінігін жасаудағы әлеуметтік амал, ең алдымен, өмірде оны іске асыру, болмыстық немесе өмір сүру, жүзеге асырудың қандай да бір діни доктринасын қамтамасыз ететін арнайы әлеуметтік құрылымын талдаумен байланысты.
«Шаруашылық жəне қоғам» еңбегінде М.Вебер алғашқылардың бірі болып, діннің қоғамда қызметін қамтамасыз ететін құрылымдарды талдау, əлемге қатынас; мүше болу шарттары; ішкі ұйымның ерекшеліктері секілді өлшемдерге сүйене отырып, олардың жіктемесін жасауға талпынады. Осы өлшемдердің негізінде автор «секта — шіркеу» дихотомиясын ұсынды жəне шіркеу мен секталардың әлеміне келесі қатынасты анықтады: шіркеу өзін əлемге қарсы қоймайды, оның мәдениетін қабылдайды, олардың тәртібімен келіседі, осы əлемге «қоршалған» əмбебап ұйым болуға тырысады; ал секта, керісінше, әлемді жоққа шығарады, декларациялайды жəне оның құндылықтары, нормалары жəне ережелерін қабылдамайтындығын көрсетеді. Біздің ойымызша, дін мен сектаның арасында осындай мәндік айырмашылық бар екендігі күмәнсіз. Діни секта бастапқы кезде ашықтан ашық қоғамға, жалпы əлемге қарсы тұрмайды, керісінше, табиғаты қоршаған ортамен бір екендігін жəне диалектикалық байланыста екендігін көрсетуге тырысады. М.Вебер дәстүрлі дін ілімдерін ұстанатын ұйымдарды инклюзивті топқа (мен немесе біз, сенімен немесе сіздермен біргеміз), ал дәстүрлі діни ілімдерді ұстанбайтын діни секталарды эксклюзивтіге (мен немесе біз, саған немесе сіздерге қарсымыз) жатқызады. Нақты осы соңғы жағдай мынамен ерекшеленеді: секталар — бұл ерекше, дәстүрлі емес құндылықтармен, нормалармен, ережелері бар топтар, олар жалпылай қабылданған нормаларға біршама дəрежеде қарама-қайшы келеді, бұл топтың жəне оның жеке мүшелерінің жалпылай қабылданған өзара қатынасын шарттандырады. Осы заңды мәні бар жағдайларда жақтаушылардың мінез-құлқына елеулі əсер көрсетеді.
Діни ұйымдарға мүше болу жағдайларын анықтай отырып, М.Вебер шіркеуге бюрократиялық ұйымдар тəн (ол кәсіби дін басшыларға жəне әкімшілік түрдегі қолбасшыға ие), ал сектаны харизматикалық ерекшелігі бар басшы басқарады, кәсіби тұрғыдағы рухани дін басшысы жоқ, құдайға құлшылық ету немқұрайлы жəне эмоционалды түрде өтеді деп болжайды.
Aталған жағдайлардың негізінде Э.Трельч әртүрлі түрдегі діни ұйымдардың идеалды үлгілерін сипаттауға талпыныс жасады: шіркеу, мешіт т.б. Aвтор ресми мойындалған діни ұйым, біріншіден, консервативті, әлемдік тәртіпті қабылдаушы, өзінің мүддесінде мемлекет пен басқарушы топтарды пайдаланады; екіншіден, əмбебап, қоғамның әртүрлі қабаттарымен өзара əрекеттесуге тырысады деп санайды. Секта əлемге, қоршаған қоғамға жəне мемлекетке қатысты бейтарапты немесе тіпті басқыншыл, дұшпандық ұстанымда болатын адамдардың салыстырмалы кішігірім тобынан тұрады, оқшаулануға жəне тұйықталуға тырысады. Нақты осы құқық, серт, меншік, билік жəне т.б., əлем мен оның тәртіптерін мойындаудан бастарта отырып, əлемнен жырақтайтын сектанттық аскетизмнің ерекшеліктерін анықтайды, ал шіркеулік аскетизм — бұл жоғары мақсатқа жету тәсілдерінің бірі, діндарлықтың көрінісі.
Әлеуметтік амалдың жақтастары жəне ұстанушылары «бір әлеуметтік топ түрінің мысалы, діни секта басқа типке, мысалы, шіркеу немесе мешітке ауысу мүмкіндігі туралы» теория аясында топтың құрылымы, оның əлемге қатынасы, мүшелік шарттарында біршама өзгеріс болуы керек немесе атауын өзгерту қандай да бір басқа діни сектаның қайта қарап шығару келешегін қарастырады. Біздің зерттеуіміз үшін бұл жағдайлар қызықты, себебі оларды есепке алуға жəне қайта құрылып жатқан топтардың қылмыстылығын болжауға мүмкіндік береді.
Көптеген əдебиеттерде секталарды шіркеу дамуының алғашқы сатысы ретінде қарастыруға талпыныстар болды. Секталарды талдауға əлеуметтану классиктері жасаған амалды қолдана отырып, келесі түсініктерді ескеру қажет. Діни топтар туындайтын жəне дамитын әлеуметтік жағдайлардың өзі өзгеріске ұшырады. Көптеген заманауи мемлекеттер, соның ішіне Қазақстан да зайырлы сипатқа ие, осыған байланысты мешіт, шіркеу жəне секталардың ерекше белгілері өз мәнін жəне өзектілігін жоғалтты.
Сектаның осы сәті, шіркеулерге қарағанда, əмбебап, кеңінен тараған жəне шіркеуді өзін сәйкестендіру үшін шыққан жері ретінде қабылдамайтындығы туралы Б.Уилсон пікірімен келісеміз. Секуляризацияланған қоғамда мұндай субстанция жалпы əлем болып табылады.
Жаңа діни қозғалыстар бүкіл қоғам мен діндердің құндылықтары мен нормаларына оның құрамдас бөлігі ретінде қарсы тұрады.
Бұдан басқа, қазіргі кезде діни секталарға кіру жеке тұлғаның еркін, саналы таңдауы ғана емес, осы сипаттағы топтарға тəн психологиялық әсерлердің нәтижесі болып табылады.
Сонымен, əлеуметтíк амал əртүрлі діни топтардың ұйымдастырушылық құрылымының ерекшеліктерін қарастырады. Əлеуметтанушылар үшін діни идеяларды ұйымдастырудың бір түрін басқасынан ерекшелендіретін жағдайлар маңызды. Осы көзқарас төңірегінде əртурлí діни топтар зерттеледі.
Əдебиеттер тізімі
Трельч Э . Церковь и секта / Э. Трельч // Религия и общество: хрестоматия по социологии религии. — М .: Юрист, 1996. — С. 233.
Кудрявцев В.Н. Социальные отклонения. Введение в общую теорию / В.Н. Кудрявцев, Ю. В. Кудрявцев, В.С. Нерсесянц. — М.: Юрид. лит., 1989. — С. 319.
Башкатов Л .Д. Религиозные преступления: видовой состав, причины и условия, профилактика / Л.Д. Башкатов, О.В. Старков. — М., 2000. — С. 165.
Тонконогов А.В. Профилактика сектантства в среде осужденных к лишению свободы / А.В . Тонконогов // Закон и право. — 2004. — № 9. — С. 58.
Каариайнен К. Верующие, атеисты и прочие (эволюция российской религиозности) / К. Каариайнен, Д.Е. Фурман // Вопросы философии. — 1997. — № 6. — С. 36.
Артемьев А.И. Религии в Казахстане: хрeстоматия / А.И. Артемьев, И.Б. Цепкова, С.Ю. Колчигин. — Ч. II. — 2-е изд., испр. и доп. — Алматы: Бастау, 2011. — 360 с.
Ольшанский Д.В. Психология террора / Д.В. Ольшанский. — М.: Питер, 2002. — С. 288.
Еникеев М.Я. Юридическая психология: учебник / М.Я. Еникеев. — М.: Норма, 2008. — С. 512.