Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Ертеректе бір кісі құдасының үйіне қонаққа келіп отыр екен дейді. Үй егесі малын сойып, бәйбіше қазан көтеріп құданы күтудің қамына кіріседі. Қызығы сол, ет пісіп табақ тартылғанда құданың алдына төрт жілікті қатар қояды. Таң қалған құда:
- Ау, бұл қалай болғаны? -дегенде, бәйбіше айтқан екен:
- Таң қалатын ештеңесі жоқ! Бір кездері осы ауылға күйеу болдың, соны ескеріп асықты жілік тарттым. Уақыт өте ел ағасы болып ауылымызға қадірің артты, соны ескеріп ортан жілік тарттым. Қартая келе құда болдың, соны ескеріп жамбас тарттым. Арғы тегің қалмақ еді, соны ескеріп жауырын тарттым -деген екен.
Қазақ қонағына қазан көтергенде "Біссмілә" деп сыбағасын арнап салады. Әрбір жілік тиесілі адамына дәл тартылуы керек. Болмаса құрмет күтіп отырған қонақтардан үлкен ұят болады.
Ал, жоғарыда атап көрсетілген төрт жілікті бәйбіше дұрыс қоя алдыма? Ойланып көріңіздер. Қонақ күтуден алдына жан салмайтын қазақпызғой, алып қосарың болса айта отыр, ағайын!
Айдар ТЕМІРБЕКҰЛЫ