Қазақ боксының ақыл-ойы
23-01-2024
ОҚО мәдени саласында жаңалық жоқ емес. Ашылу салтанатына Елбасының өзі қатысқан облыстық опера және балет театрының, Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның жаңа ғимараты мәдениеттің қана емес, Шымкенттің көркін ашқан нысандардың біріне айналды. Бірақ тоқсаныншы жылдары бірінің есігіне қара құлып салынса, бірі құлаудың алдында тұрған мәдениет нысандарының жайы әлі де жетісіп тұр деуге келмейді.
Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Күлия Айдабекованың былтырғы жылы атқарған есебінде «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деген жаттанды мәліметтерден гөрі мәдениет саласындағы осы ащы шындықтың бетін ашқандай болды. Айталық...
Кезінде жекешелендірудің құрығына ілініп, ту-талақайға түскен мәдениет ошақтарын мемлекетке қайтару мәселесі ауылдық жерлерде әлі де баяу жүріп жатыр. Облыс аумағындағы 268 клубтың 54-і күрделі жөндеуді қажет етсе, 4 ауылдық клуб апаттық жағдайда. Клубтардың барлығында дерлік музыкалық аспаптар, аппаратуралар, сахналық киімдер тапшы. Аудан, қалалардағы 720 мәдениет қызметкерінің 66-сы басқа саланың мамандары. Олардың арасынан малдәрігерін де, агрономды да кездестіруге болады. Мал дәргерінің мәднеиетті маңдытпасы бесенеден белгілі ғой. Ал Отырар аудандық мәдениет үйін бұрын істі болған, мамандығы есепші азаматқа басшылық жасау жауапкершілігі жүктелген.
Кітапханалардың жайына келгенде тіптен ұятты жағдайда екенбіз. Бәрі де көңіл бөлмегендіктің кесірі ғой. Әйтпесе білім саласына қаржыны миллиардттап бөліп жатқан кезде ауылдағы 163 кітапхананы компьютермен қамтамасыз етуге 24 миллион теңге қаржы табылмай қалды дегенге кім сенеді?! Облыстағы 435 кітапхананың 23-і күрделі жөндеуді қажет етеді, 3-еуі апатты жағдайда. Кітапханалардың типтік ғимараты жоқ. Мұндай күйді облыстағы 12 мұражай мен олардың филиалдары да бастан кешіп отыр. Кентау қаласы мен Мақтарал ауданындағы мұражайлар соңғы жылдары әбден тозған. Кездейсоқ келген басшылар бөлінген қаржыны талан-таражға салған.
Жалпы биыл мәдениет басқармасына 2 миллиардқа жуық теңге бөлініпті. Бұрынғы ескі шіркеуді паналап отырған облыстық қуыршақ театры мен сатира театрының ғимаратына қаржы қаралды. Ал ауылдағы мәдениет ошақтарын жандандыруға аудан, қала әкімдері мән беруі қажет. Бұған бюджеттен бөлінетін қаржы қомақты болуы керек. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев осы мәселені аудан, қала әкімдерінің орынбасарларына құлаққағыс етті.
Oinet.kz мұрағатынан