Аудан әкімінің сайлаудағы қарсыласы - әлем чемпионы!

Oinet.kz 23-02-2023 1318

19 наурызға белгіленген Мәжіліс пен мәслихат сайлауының ең қызық кезеңі басталды.  Өткен сенбіде сайлауалды үгіт-насихат шараларының түңлігі түрілді. Кандидаттардың толық тізімі жария етілді. Бұл жолғы сайлаудың бір жаңалығы – Мәжілістің 30 пайызы, облыстық мәслихаттың 50 пайызы, ал аудан, қалалық мәслихаттар 100 пайыз жеке мандат бойынша жасақталады. 

Screenshot_1.jpg

№26 округтен түсіп жатқан  тоғыз кандидаттың арасында Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков бар. Ол да  «Аманаттың»  аманатын арқалаған үміткер. Уақтысында облыс әкімінің орынбасары, оның алдын аудан әкімі болған Сәдібеков үшін Мәжіліс таңсық орын емес. Ол бұған дейін де төменгі палатаның мандатын иеленген. Асыра мақтағандық емес, қызмет еткен жылдары жинаған абыройы-беделі жоғары, әлдебір шенеуніктер сияқты соңынан жаман сөз ермеген азамат. Осындай тазалығы мен  іскерлігі үшін шығар, Сәдібековті  былтыр  Президент Дархан Сатыбалдыға балама ретінде  облыс әкімінің лауазымына ұсынғаны белгілі. Яғни соңғы бір жылда бұл Сәдібеков үшін екінші дода деген сөз.  Осы округтан өзін-өзі ұсынғандардың қатарында бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиевтің аты-жөнін байқадық. Айтпақшы, бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстан халық партиясының үкілеген үміті, белгілі кәсіпкер  Оралбек Ботбай да №26 округтан бақ сынап жатыр. Бақ пен баптың қаншалықты үйлесетіні тақсыр уақыттың еншісінде. 

(Жалғасы бар)

"Рейтинг" газеті, ақпан, 2023 ж

Балабиевке оңай, баласына қиын
Қалқаманов неге қамалмайды? Әкім орынбасарына қатысты күдікті фактілер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу