Елтаңбаға қатысты елдің пікірі екіге жарылып тұр

Oinet.kz 28-03-2024 369

«Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бейжай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек. Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады».

Screenshot_1.jpg

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда президент осылай деді.  Қазір осыған қатысты елдің пікірі екіге жарылып тұр. Көпшіліктің пікірі «Өкіметтегілерге елтаңбаны ауыстырудан басқа өзекті мәселе қалмаған ба?» дегенге саяды. Алайда Президенттің ұсынысын іліп алып, жаппай қолдап жатқанда да бар.   

- Бұл - заңды әрі оң құбылыс. Азаматтық қоғамның белсенділігі мен жетілгенінің көрінісі. Екінші жағынан, жұртшылықтың елдік нышандарға бей- жай қарамайтынын, отаншылдық сезімінің жоғарылығын айқын аңғартады...Биыл Қазақ Даласында ту көтерген Жошы ұлысы - Алтын Орданың құрылғанына 800 жыл толуын атап өткелі отырмыз. Міне, Қазақ елінің осындай терең тарихи сабақтастығы, жауынгер атабабаларымыздың асқақ рухы, мемлекеттіліктің сұсы мен сесі, атағы мен айбыны Гербте көрініс тапса игі,--депті Үкімет жетекшісіне жолдаған сауалында Мәжіліс депутаты Абзал Құспан. 

Ақпанда "Жаңа Адамдар" жастар қозғалысы ел тұрғындарына елтаңбаны ауыстыру туралы ұсыныс жасап:

 «Біз білетін елтаңба құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70 пайызы елтаңбамызды тани алмады» деген мәлімдеме таратқан болатын. Арада бір ай өтер-өтпес елтаңбаны ауыстыру туралы мәселе  Ұлттық құрылтайда көтерілді.

Әрине, осының бәрінің кездейсоқтық емес? 

Айтпақшы, Елтаңбаны ауыстыруға қанша қаражат кетер екен?

Қазақстанда утильалым төмендемейді--министр
Тұрғымбаевтың қолдаушысы: Экс-министр қазір қайда жүр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу