Коронавирус инфекциясын 80 мыңнан астам адам жұқтырды
Аспан асты елінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 80 мыңнан асты. 3 мыңға жуық адам елдегі жұқпалы аурудан жапа шегуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Мемлекеттік комитетте денсаулық мәселелері бойынша жаңа мәліметтер жарияланды деп хабарлайды РИА Новости.
Жергілікті билік атап өткендей, жұқпалы ауруды жұқтырғандардың ішінде қазіргі таңда 32,6 мың адам ауруханада жатыр. Қалғандары ауруханадан шығарылды. Хабарланғандай, олар ауруынан толықтай сауыққан. Арты өлімге әкеп соғатын вирусты 44,5 мың адам жеңіп шығыпты. Соңғы 24 сағатта елде жұқпалы ауруды жұқтырудың 202 жаңа жағдайы тіркелді. Бір тәулікте көз жұмғандардың саны 42 мыңға жетті. Олар барлығы Хубей провинциясының тұрғындары болған. Ұсынылған нұсқалар бойынша, вирус дәл осы провинциядан тарала бастапты. Соңғы 24 сағатта 3 мыңға жуық адам ауруханаға жатқызылғаннан кейін үйлеріне қайтарылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әуе айлағы мен темір жол вокзалында 2020 жылдың 6 қаңтар мен 28 ақпан аралығында Қытайдан келген 32 мың адам тексерістен өткенін хабарлаған едік.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметіне сәйкес, коронавирустың салдарынан Қытайдан өзге елдерде 7169 адам зардап шекті.