Белгілі спортшының тойында Тамара Асарға уыстап ақша шашты (видео)

Oinet.kz 26-01-2019 3276

Дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы Айбек Имашевтің шаңырақ көтеру тойында ән шырқаған Тамара Асарға қуаныш иелері ақша шашқан. Жерге шашылған көк қағаздарға тойға келген қонақтар таласып қалды деп жазады NUR.KZ.

Белгілі спортшының тойында түсірілген видео Instagram желісінде таралып кеткен.

Кадрда Тамара Асардың ортаға шыққан екі жастың жанына барып, ән айтып тұрғаны көрінеді.

Сол сәтте белгісіз бір адам көк қағаздарды уыстап шаша бастайды. Ал олардың қасында билеп жүрген той қонақтары ақшаға таласып қалған.

Айта кетейік, бұл видеоны көрген желі қолданушылары аспаннан ақша жауған үйлену тойына қызықса, енді біреулері көк қағазды аямай шашқан той иелері мен ақшаға таласқан қонақтарды сынға алды.

Видео мына сілтемеде: https://www.instagram.com/p/BqYzLGbnRqC/

Бүркіт жұлдыз ауруына шалдыққан адам қандай болатынын айтты
Белгілі дінтанушы әйелдерді үйден шығармаған молдаларды қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу