Жұмбақ жағдайда ажал құшқан Ақнәр Хамиттің анасы халыққа үндеу жасады

Oinet.kz 02-02-2026 96

Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты іс әлі де сотқа жетпеді. Ақнәр Хамиттің анасы Гүлстан Хамит желіде үндеу жасады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Қамкөңіл ана бірнеше лауазымды тұлғаның есімін атап, іс әлі күнге дейін созбалаңға салынып келе жатқанына наразылығын білдірді.

"Бүгін Ақнәрімнен айырылғаныма 561 күн. Осы бір жарым жылдан бері құқық қорғау органдарында қанша табалдырық тоздырдым және қандай лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында болдым дегенді көзбен тізіп көгендеп, аты-жөнімен айтуды жөн деп шештім. Өйткені осы 561 күннен бері шындық іздеп, шырылдап жүрген анамын. Қазақстан Республикасының толыққанды азаматымын. Мені жеке қабылдауына алып, ауызбен орақ орып, уәдені үйіп-төгіп беріп, істі осы күнге дейін әдейі бұрмалап, созбалаңға салып отырған, халыққа қызмет жасайды делінген әрбір тұлға өз іс-әрекетіне жауап беруі керек деп санаймын. Себебі Әділетті Қазақстанымызда қызымның өліміне қатысты әділ тергеу жүргізілуі үшін бір жарым жыл бойы күресіп келемін. Бірақ күні бүгінге дейін нақты нәтиже жоқ. Қызымды азаптап, жетінші қабаттан лақтырып жіберген кінәлі қыздардың ісі әлі күнге дейін сотқа жеткен жоқ", - деді ол.

Қазақстанда TikTok арқылы жұртшылықты емдеген "емші" ақшаны букмекерлерге жұмсаған
Назарбаевтың қарындасының мемлекетке берешегі өте көп болып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу