«85 мың теңге»: Семейде сталкинг жасаған бойжеткеннің ісі ұсақ бұзақылық деп танылған

Oinet.kz 29-01-2026 122

Семей қаласының тұрғыны түнгі сағат 03:30 шамасында жұмыстан қайтып келе жатқан кезде бейтаныс қыз оның артына ілесіп, оғаш мінез танытып, қорқытқан еді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.png

Оның бейнесі әлеуметтік желіде де кеңінен тарады.

Сот 24 жастағы қыздың әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтқаны үшін 85 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл оның бір ғана әрекетіне тағайындалған жалғыз жаза. Жәбірленуші сот шешімін әділетсіз деп санайтынын айтып, қоқан-лоқы көрсету мен қудалау әрекеттеріне құқықтық баға берілмегенін атап өтті. Ол полиция мен прокуратураның жұмысына наразылық білдірді. 

29 қаңтар күні сенат қабырғасында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол сталкинг туралы заң жуырда ғана күшіне енгенін айтты. 

«Бұл заң жұмыс істейді. Тек белгілі бір тәжірибе қалыптасуы үшін уақыт қажет. Қазіргі таңда біз қызметкерлерімізді де оқытып жатырмыз. Ал нақты осы жағдай бойынша барлық деректерді алып, мән-жайды қайта тексереміз, қажет болса қосымша шаралар қабылдаймыз», — деді Лепеха.

Желі қолданушылары мен жәбірленушінің бұл оқиғаға берілген құқықтық бағаға көңілі толмайды. 

Президент Алматы әкімін қабылдады
OrdaMed АҚ бастығы іздестіріліп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу